Нұрай Серікбайдың ісі бойынша сот отырысы кейінге шегерілді
Нұрай Серікбайдың ісі бойынша бүгін басталуы тиіс болған сот отырысы кейінге қалдырылды.
Соттың мәліметінше, бұған айыпталушы Шерхан Аймаханның денсаулық жағдайы себеп болған. Осыған байланысты сот процесі уақытша тоқтатылды.
Әзірге келесі сот отырысының нақты күні белгіленген жоқ. Оның қашан өтетіні туралы ақпарат кейінірек жарияланады.