Өңір

Нұрбек КЕҢЕСБАЙҰЛЫ. Үкі

Қаладағы қымбаттау қонақүйдің мәлім бір бөлмесінде жатқан екеудің жамылғысы әлде қашан сусып түсіп,сұп-суық құшақтар айқасып кеткен болатын.

Jasalash.kz

Бақболдың арқасын өрге-төмен сипалап,тынышы кетіп жатқан Элвираның қолына, оның жотасындағы кедір-бұдыр беріштерайқын білінді. Денесі болар-болмас дір ете түскен ол, қос сұқ саусағының ұшыменқап-қатты боп бітіп қалған беріштерді санай бастады.

— Біііір, екііі,үшшш...

Қос жауырынның сәлтөменгі жағынан бүйректің тұсына дейінгі аралықта, шеңбер формасында біткеншордың саны он екі еді.

***

Қаршадайынан томаға тұйық болып өскен Бақбол ешкіммен деемен-жарқын сөйлеспейтін. Көбінде оңаша қалып кітап оқиды немесе ағаштантапанша жасап ойнайды. Әр түрлі формада жасалған тапаншалардың бетіне«Beretta 92F», «GM-100», «Fabarm», «Progress» сияқты таңбаларды бәкісімен ойып жазып алатын еді. Әкесіқалаға барған сайын оған «Аппалуза»,«Механик», «Несчастье» «Коломбиана»т.б. кинолардың DVD табақшаларын әкеп беретін.Қолына түскен кинотабақшаларын ол үнемі жарым түнде, ал күндіз болса саңылау біткенді түгел бітепқойып, жападан жалғыз отырып көретін. 

Бақболдың боқшасынан сабағына қатысты кітаптардан сырт та бірен-саран роман кітаптар және ағаш тапанша менкішкене ғана бәкі үзілмейтін-ді.

Бір жолы мектептен қайтып келе жатқанда көршілес сыныптасыҒайнимен сөзге келіп қалады. Оны бас салып төпештей жөнелейін десе қыз бала,онсызда көп сөйлегісі келмей, зығырданы қайнап келе жатқанда, Ғайникүтпеген қимыл жасап, Бақболды шапалақпен тартып кеп жіберсін. Қыздан мұныкүтпеген ол не істерін білмей булығып тұрғанда, қыз тағы тілін тартпай:

— Сен жармағанның тұқымысың, сенің тұқымыңа қарғыс тигенекен, оны маған шешем айтты. Саған жуыма деген, енді сенімен ойнамаймын, — деп бұрқырайжөнелді.

Беті дуылдап, өзін әрең ұстап тұрған кішкентай Бақболғақызың мына сөзі қатты тиді. Өзімен жасты қыздан мұндай сөзді естіп, оныңшапалағын жегенше өлгенім артық деп, боқшасындағы кішкене бәкісін алып өзінеоқтамақшы болғанда, қасындағы құрдастары жабылып жүріп, қолындағы бәкісін әреңтартып алған еді.

Әдетте құрдастары шектен шығып бара жатса, барлығын өзорындарына қоя алатындай жұдырықшылық өнері де бар еді. Ал қызға қолы бармады.Неге екенін өзі де түсіндіре алмайды.

Десе де ол, «қарғыс тиген» деген сөзді осымен екінші ретестіп тұр. Алдымен атасы, одан екі айдан кейін әжесі, жарты жылдан кейінжеңгесі қайтыс болғанда, ауылдағы Қызылбақсы деп атанып кеткен жалғыз басты шалБақболдың әкесіне: «Сендерге қарғыс тиген екен»деп жатқанда, осы сөздібірінші рет естіген болатын.

Бізді не қарғыстауымүмкін деген ой Бақболды да көп мазалайтын. Сосын өткен жылы қыста ағасының қақпанынатүсіп қалған үкі оның ойынан бір сәт шыққан емес. Аяғын қақпаннан босатпайтұрып, жуан таяқпен қанша төпештесе де өлмей қойып еді. Сұлық жатқан үкіні ендіөлген шығар деп ұстай берейін десе, денесіне қол тигізбей шоршып кетеді.Бастабында Бақболға қызық көрінгенімен, соңын ала шалажансар құстың көзіне қарауғадәті бармай, ағасын күтпестен үйге қарай зытып берген.

Кейін сол үкініңқанаттары іні-қарындастарының бесік жапқыштарына қадаулы тұратын.

***

Бастауыш мектептіауылдан тәмәмдаған Бақбол, қаладағы әскери жоғарғы оқу орнына грантпенқабылданды.

Өзінің қалағанмамандығына түскен Бақболдың қуанышында шек жоқ. Ал ондағы нысана ату, ұзаққажүгіру, қаруды бөлшектеп қайта құрастыру, күрес, бокс сынды спорт түрлеріненалдына жан салған емес. Бойы биік, денесі шымыр, бет-әлпеті келісті жігітке оқуорнындағы қыз біткен ғашық еді.

Бір жолы қаладағыдәмхананың бірінде жападан-жалғыз тамақтанып отырған Бақбол, қарсы жағындағыүстелдің біріне жайғасқан қызға көзі түсе берді. Қыз алдына қойылған бірнешекітаптің бірін асықпай парақтап, бар ынтасымен оқуға кіріскен. Оның алдында бірбокал шай ғана тұр. Қыздардың кітап оқығанынан артық сүйкімділік жоқ екен ғойдеген ойға келді Бақбол.

Тағы бір сенбілікдемалыста, үлкен кітапхананың бірін аралап жүрген Бақбол, баяғы қызды тағыкездестірді. Кітап дүкенінің кассасында кезекте тұрған қыздың қолында Гарсия Маркестің «Холера тұсындағымахаббат» дейтін кітабы бар еді. Бақбол да ойланбастан дәл сол кітапты сатыпалды.

***

Кітапханадағы бірнешеаптаға жалғасқан ұрлана қараулар, ол екеуін саябақтан бірақ шығарды. Қыздың аты– Элвира. Филология факультетінің 2-курс студенті. Өзі аздап өлең жазады. Деседе, Бақбол оның ақын болу арманын құптамаған.

Екеуі сондайжарасымды жұп, болашаққа бір көзбен қарайтындай сана деңгейіндегі махаббаттары,көрген елді тамсандырмай қоймайтын. Үш жылдық жоғары оқу орнындағы балдай тәттікүндері, олар үшін бәрінен қымбат. Қаладағы қым-қуыт тірлік, оқу орнындағыәділетсіздік, тұрмыстағы экономикалық қиыншылық, олардың арасын тіпті дежақындастырмаса, алшақтатқан жоқ.

Бақбол түндердеқосымша күзет жұмысын істейді. Ауылдарынан ақша келіп тұрмаса да, екеуініңкерек-жарағына жететін ақшаны Бақболдың өзі-ақ тауып жүрді. Элвира да қосымшажұмыс істейін дегенімен, Бақбол оған келісім бермеді. Қайта оған көптегенкітаптар сатып алып беріп, үнемі қуантып жүрді.

Соңғы курста екіжақтың үлкендерінің рұқсатымен, екеуі бірге тұратын болған. Аядай бөлмеде екіағаш төсек, бір үстел, екі орындық, төрде ілуді үкілі домбыра ғана бар. Екуініңсабаққа дайындалып, тамақ ішулеріне, кітап оқуларына осы жағдайдың өзіжеткілікті.

Түн жарымдажұмыстан келіп, Элвираның маңдайынан емірене бір иіскеп алып, өз орнына барыпжайғасатын Бақболдың бұл әрекеті, қызды қатты таңғалдыратын. Элвира әуел бастажігітінің бұл қылығына дән риза болғанымен, кейіндеп жек көре бастады. Оңашабөлмеде қыз жанында тыныш жататын еркек болады екен ғой деп қайран қалатын.Кітап жүзінде басқалай болушы еді ғой деп іштей күлімсірейді кейде.

Кейіндеп Элвираныңтым көңілсіз жүргенін байқап, Бақболдың өзі де бірдемені сезген сияқты еді.Жұмыстан кеш оралған түннің бірінде, ол сүйіктісін құшағына қысып тұрып:

– Мен қазір асығысемеспін, маңдайға жазған жарым өзің боласың. Мен сені кіндік қаным тамғанауылдағы үйімнің босағасын аттатып алған соң, ақ некелі төсегімде күтем, – депсыбырлаған.

Қыз оның бұлсөздерін тектілікке балап, өзін бір сәт бақытты сезінгенімен, күндер өте келетағы да сол мән-мағынасыз түндерден зерікті. Ол ойындағысын Бақболға жайыпсалып, өзіне не керек екенін айтайын десе, беті ашылмаған қыздың намысыжібермеді. Ал айтпайын десе, іші күйікке толып барады. Ол тіпті Бақболдыңденсаулығынан да алаңдай бастаған...

Еркек болғасынБақбол да ойламайды дейсің бе, кей түндері неше-неше оқталып, тәуекелге басқысыкелгенімен, болашақ жарының қызығын некеден кейін көрмекші болды. Ол осыұстанымын өзіне берген серт ретінде қабылдап, одан аса алмай-ақ қойды. АлЭлвира ауылға кеткен кездерде, бірер рет жеңілтек қыздарға барып қойғаны дабар. Тым аңсап кетпесе де, тән ләззатының адамға керек екенін ол да жақсыбіледі. Десе де, Элвираға келгенде ол өз сертінен аса алмай-ақ қойды.

Бұл онысын болашақжарына деген үлкен құрмет деп түсінген болатын.

***

Екеуі де жоғарғыоқу орнын жақсы тәмәмдағасын, Эивира қалалық түйінді мектептің біріне мұғалімболды, Бақбол облыстық полиция департаментіне жұмысқа тұрды.

Қос тараптыңкелісімімен, жігіт қызға үкі де тақтырып үлгерген еді.

Қалап сүйген жарынқұшуға асығып, енді төрт айдан кейін үйленем деп жүрген Бақболдың күткеніболмады. Бірге тұрған соңғы жарым жылда, Элвира тым көңілсіз жүретін болған.Кейде жарым түнде тұрып алып, телефон арқылы біреулерге өлең оқып беріпжататын. Бақбол оны сезсе де сезбеске салып, бөтен ештеме ойламай жата беретін.Кейін келе, оған өлең жазба дегені сәл артықтау екенін де түсінген.

***

Беліне 97-2тұрпатты атыс мылтығын асынып, кірпік қақпай күзетте тұрған Бақболдың телефоны:«… Ол сыйлаған бақытты, мен де сыйлар едім ғой...» деп сайрай жөнелді.

— Алло, қазір жетем, — деді де, қаладағы мәлім бір қонақ үйге қарай жүгіре жөнелді

Ол қонақ үйдің есігіненкіре бергенде, ішкі жағынан жалаң бас біреу атып шықты да, оны иығымен бірсоғып өтіп, қаша жөнелді. Не де болса ішіндегі жағдайды иелеп барып, іскекірісермін деп ойлаған ол, қонақ үйдің баспалдағымен ентіге басып, жоғарыға көтерілген.

Ол төртінші қабатқажеткенде, көзі қанталап, түсі сұрланып тұрған досы Сержанды көрді. Ал мәлім бірбөлмеде Элвира шашын жайып, төсін жалаңаштап, көзі күлімдеп отыр. Ол отырғантөсектің бас жағындағы киім ілгіште, ер адамның бас киімі ілулі тұр. Үстелдіңүстінде бір қап темекі, бір кітап, тағы бір қап бірдемелер тұр. Өз көзіне өзісенбей, дел-сәл күйде тұрған Бақболды елеп тұрған Элвира жоқ. Қайта оныңжанарынан: «Сенің қолыңнан келмеген дүние, елдің қолынан келеді» деген намысжыртар сөздер айтылып тұрғандай.

Жұмысқа кіргеліталай қақтығыстарды көріп, тап бермеде қаруын кезей қалатын кәсіптік дағдыныңбұл жерде іске аспайтынын сезінді де, дереу есін жиған ол, қонақ үйден ұзайберді.

Үкікөз көшешамдарының жарығы оны қап-қара түнекке бастап бара жатты.

Бөлімшеге асығабасып, оқ өтпейтін киімдерін шешіп, жұмыстастарына ештемені бірдіргісі келмей,үйге тез қайтқысы келді. Десе де үйде оны күтіп тұрған болашақ жары жоқ. Алкеудені намыс өртеп барады.

97-2 тұрпатты атысқаруын мойнына асып алып, кеңсе ішінде ары-бері теңселе басып жүрді де, ешкімгебайқатпай, бүйрек тұсына мылтықтың түтігін тіреп тұрып, басып кеп қалды. Оданары қарайғысы мүлдем есінде жоқ.

Арнайы тәжірибеденөтіп, тек қана қорғаныс органдарына берілетін 97-2 тұрпатты атыс қаруы, бірбасқанда он үш оқты бүркіп шығаратын. Бақболдың бір бүйрегін сызып өтіп, бауыр,өт, өкпесін зақымдаған он екі оқты, белінен жауырынына дейінгі аралықтан теріпалған дәрігерлер, он үшінші оқтың омыртқада екенін, оны алса адам өміріне қауыптөнетінін айтқан.

25 күннен кейінесін жиған Бақбол, алты ай дегенде өзі жүре алатын халге жетті. Ол орнынан тұрғандабір бүйрегі мен өті алынып тасталған еді. Тәңірі қолдағанда, жүрегі сау. Арнайыемханада бір жыл жатып, үйіне оралған Бақболдың денсаулығы біртіндеп қалпынакеле бастады.

Сол кездердеЭлвираның жаңа тапқан жігіті оны тастап кеткен болатын.

Бір бүйрегініңжоқтығы некелік байланысқа қаншалық әсер етерін сынап көрмекші болған Бақбол, Элвиранықонақ үйге шақырып алған еді...

Сол түні Элвираөзіне үкі тағылғанын ойлады.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега