Әлеумет

Нұрбол Назарбаев үшінші рет өзін банкрот деп тануды сұрады

Экс-президенттің отбасы туралы жаңалықтар әдетте сән-салтанат, қымбат жылжымайтын мүлік немесе ірі мәмілелермен байланысты болатын. Алайда Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Нұрбол Назарбаев бұл жолы өзгеше қадамымен назар аудартты.

Jas Alash (коллаж)

Ол мемлекеттен өзін ресми түрде банкрот деп тануды тағы да сұрап отыр. 2025 жылдың күзінен бастап Нұрбол Назарбаев өзінің қаржылық жағдайының нашар екенін дәлелдеуге тырысып келеді.

2026 жылдың ақпанында Болат Назарбаевтың ұлы үшінші рет банкроттық туралы өтініш беріп отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, оның мемлекет алдындағы қарызы 63,7 млрд теңгеден асқан. Бұл соманың 61,8 млрд теңгесі негізгі берешек болса, оның ішінде 55 млрд теңге Арнайы мемлекеттік қорға түсуі тиіс. Сонымен қатар 1,6 млрд теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы бар.

Айта кетейік, Forbes Kazakhstan дерегінше, 2025 жылдың мамырында Нұрбол Назарбаевтың байлығы шамамен 179 млн доллар деп бағаланған. Ал 2024 жылы ол елдің ең бай кәсіпкерлері рейтингінде 49-орында болған.

Сайт Әкімшілігі