Саясат

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Нұрлан Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрын атқарған қызметінен босатылды.

Фото: ашық дереккөз

Нұрлан Байбазаров еңбек жолын 1997–2003 жылдары Қаржы министрлігінде бастаған.

Әр жылдары Қазақстанның Даму банкінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған: жобаларды агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры және корпоративтік хатшы болған.

2013-2016 жылдары Ұлттық экономика министрлігінде экономика салаларын дамыту департаментін басқарды. Кейін Өнеркәсіпті дамыту қорының, Қазақстанның Даму банкінің және «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

2024 жылдың ақпанында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалып, сол жылдың желтоқсанына дейін осы қызметте болды.

2025 жылдың қазан айынан бастап Президент әкімшілігінде инвестициялар және сауда бөлімін басқарған.

Сайт Әкімшілігі