Нұрлан Ноғаев уәдесінде тұрған жоқ
Нұрлан Ноғаевуәдесінде тұрған жоқ. Бұл жөнінде азаматтық белсенді Талғат Аян мәлімдеді.
Талғат Аян өзінің «YouTube» арнасында Атырау облысының экс-әкімі Нұрлан Ноғаевтың мәлімдемесін жоққашығарды.
«Бүгін Нұрлан Ноғаев «мен алаңда берген уәдемде тұрдым»деп айтыпты. 2016 жылы 24-ші сәуірде Исатай-Махамбет алаңында «Жеріміз шетелгесатылмасын, жалға берілмесін» деген митинг болған. Сол жерге билік атынанкелген Нұрлан Ноғав халыққа, біздерге «ешкім қудаланбайды, ешкім сотталмайды»деп, уәде берген. Қазір сол уәдемде тұрдым деп сұхбат беріп жатыр екен. Менбұны жалған деп есептеймін. Ол кісі уәдесінде тұрған жоқ. Себебі Макс Боқаевәлі күнге дейін түрмеде отыр. Мен өзім екі жыл отырып шықтым», — деді белсенді.
Бұған дейін Атырауоблысының әкімі қызметінен Энергетика министрлігіне ауысқан Нұрлан Ноғаевжурналистер сұрғына жауап беру кезінде:
«Мен Макс Боқаев пен Талғат Аянға берген сөзімде тұрдым.Жер мәселесіне қатысты өткен митинг материалдары бойынша қылмыстық қудалауболмайды дедім. Солай болды. Оларды басқа бап бойынша жауапқа тартты», — деген.
Коллаж: Жас Алаш