Нұрлан Қабдай. Тәуліктің жалғыз-ақ сәтінде өмір сүру
Түске таман оянды. Оянды да тың тыңдап біраз жатты. Ас үйжақтан таныс табаның таныс шыжылы естіліп, танауына таныс иіс келді.
«Ештеңеөзгермеген сияқты, — деп ойлады, — Бүгін не тындырсам екен?» Іргеге қарай аунаптүсіп, көзін жұмды. «Өзі, бірдеңе істейтін де уақыт жоқ...»
– Илектеліп жата бересің бе? Бұл енді келіншегінің әркүні әрқалай
тәпсірлейтін шәй суып қалдысы еді.
– Фейсбук не болып жатыр екен? – деп міңгірлеген.
– А? – деді шығып бара жатып мойын бұрған келіншегі.
– Ештеңе.Ештеңесін баласының түпкі бөлмеден естілгенбажылы
жұтып қойды.
«Осындай да уайымсыз адам болады екен-ау. Шеберсің ғой,Құдай. Мен болсам таң атты, кеш батты – дүниенің дүрмегін түгендеймін деп қайта-қайтаұшталған қарындаштай мүжіліп таусылар болдым. Ал бұның тесік шұлығын бүтіншарқайы жазысырып тұрса болды, әйтеуір...» Ыңырана басын көтеріп, аяғынтөсектен салбыратып отырды. «Бір, екі, үш, төрт, бес...» Екінші аяғында да бесбашпайы барына өзі де таңырқағандай. Бет-ауызды бұрай ысып, сосын аты жоқпенкөзінің алдын сығып тастады да оюлы киіз сүйретпесін іліп алды. Тырп-тырп,тырп-тырп басып жуынатын бөлмеге өтті. Есік ашқанда қарсыдан да бір кісі кіріпкеле жатқан. Қол жуғыштың жақтауын таянып айнаға үңілді. Арғы жақтағы қисықбеттеу, көзінің астына қалта байланған жүдеу кісі де бұған тесірейе қалыпты.«Мұртым ағара бастапты ә...»
***
– Барасың ғой? Бұл құлықсыз бас изеді.
– Өзің-ақ барып тұратын адамсың ғой, уақытымен. Алашапқынқылмай.
– Ммм.
Төсектен тұрғалы келіншегінің бетіне қараған жоқ. Қазір,міне, қолындағы кесесі де дағдылы қимылмен аузына өзі келіп-қайтып тұр. Бұлсмартфон шұқылап отырды. Өзі рахаттана тімтініп, өзгелерді: «Біресе күпсиген,біресе күңіренген неткен адамдар!» — деп іштей сыбайтынын қайтерсің.Көшедекөрсе танымай-білмей өте шығатын, дүниенің екі басында отырып алып, нәжісшашысып ойнайтын виртуал достары мен қастарын да ойлап қояды арасында.
– Болсаңшы енді. Селк ете түсіп, енді аузына апара бергеншайын алдына
төгіп алды.
– Өй, қатын! Шошыттың ғой, кісіні.
***
Жейдесінің өңірін түймеленіп тұрып терезеден сыртқақарады. «Көкжиек көрші үйдің тасасында қалған мына қалада таңның қалай атып,күннің қалай батқанын көру де арман екен-ау». Кеңірдегін созып қарсыдағы үйдіңқабат-қабатын тінте сүзіп шықты. Үшінші қабаттағы бесінші терезенің алдындамысық отыр. «Терезеден телміруді бұлар адамнан үйренсін. Қызық, бұл байғұстарда біз секілді қиялы жеткенімен, аяғы жетпейтін қиянға ойша безіп бара жата маекен?..»
– Кіммен сөйлесіп тұрсың, тағы? Өзім ертіп барайын ба? –деді келіншегі.
Үнінде абыржу бар.
– Жоқ. Жолды білем ғой. Дәрім қайда?
– Қазір… Қазір берем. Жолда ешқайда бұрылмай, түзубарып, түзу қайт.
Қағаздарың сол жақта… Келіншегі жүре сөйлеп, әлдебір құтыныңқақпағын
ашып, мұның алақанына екі түйір дәрі салды. Жүгіріп суалып келді. Галстугын байлап беріп, костюмін кигізді. Еңкейіп етігінің бауынбайлап беріп жатыр:
– Тез бар. Әйтпесе өздері жетіп келеді. Ел-жұрттан ұяттіпті.
«Иә, ел-жұрттан ұят...» Бұл күбірлеп есіктің кілтін бұрапжатқан.
– Әй, тоқтай тұр, — деді келіншегі, — Суретке түсіріпалайын.
***
Жолдың астымен өтетін суағар құбырға бөксесі симай қалып,тоңқаңдап жатқан кісінің әрекетін бағып аз тұрды да, қасына тізе бүкті.
– Не істеп жатырсыз?
– Сырғамды іздеп жатырмын! – деген әйел адамның зілді дауысы
күңгірлепестілді. Сосынсуырылып өзі де шыққан. Мұны көріпмына әрекетінен қысылды ма, әлде кеңсе адамынша киінген еркекті әлдекімгеұқсатты ма екен, әйел сасқалақтап үсті-басын жөндей берді:
– Біз… мұнда… – деді ту сыртында шұқыланып жүргенқыз-келіншектерді көрсетіп, — өз еркімізбен сенбілікке шыққан едік...
– Бәсе, өтіп бара жатыр ем, мынаған нетіп жатыр екенсіз, — деді бұл
иегімен суағарды нұсқап.
– Көмейіне қарай кетіп қалған қоқысты бері шығарып жатқамғой.
– Ааа. Қане, мен көрейін.
Әйел а деп ауыз ашқанша бұл етпетінен түсіп, тесіккеқойыпкетті. Әуелі қылтасына дейін көрінбей қалған. Сосын құйрығы құбырдың төбесінетіреле тоңқайып барып тізесін жазып еді, қара санына дейін сыртқа шықты. Сөйтіптағы бір-екі рет бүгіле созалаңдап барып өзімен бірге жарық дүниеге бір құшаққоқыс алып шыққан.
– Түүү киміңізден не қалды...
– Дүниенің байлығы жатыр екен-ау, – деді көздері ғанажылтырап, – Тағы
бір сүңгіп шықсам ба екен?..
– Жоқ, ойбай.Әйел бұл жолы алдын орайын деген кісіше ары-бері
сипаланыпедітүк таппады, білем, басындағы орамалын сыпырыпалып, ішкі таза жағымен мұның бет-аузының шаңын сүрте бастады. Екі иығын,кеудесі мен арқасын, жеңі мен етегін ысқылап тазалап жатыр.Бұл болса жыланғаарбалған торғайдай қалықтаған да қалған. Келіншектің жарқыраған маңдайы, тершігенсүйкімді мұрыны, бетіне сусып түскен шашты астыңғы ернін сәл қиғаш дүрдитеберіп «фы» деп желпіп қалып, дәл иегінің астынан ентіге тыныстағаны көңілінқыттықтап өті. «Неткен жаратылыс! Бұл бір Құдайекеңнің әділетті ісі екен...» — депойлап үлгергені сол еді, келіншек енді мұның қарсы алдына тізерлеп отыра қалып,шалбарының шаңын сүртуге кіріскен.
– Адамдар қызық, осыншама қоқсытуға бола ма екен?
– Адамның өзі де қоқысқа айналған ғой. Оларды да тазартатынбір қол
керек.
– Қойыңызшы, қайдағыны айтпай.Мен бе, қоқыс? Әлде өзіңізбе? Бұл
иығын қиқаң еткізді.Енді байқады, бөтен еркек пен таныстарыныңтосын, ебедейсіз әрекетіне елітіп басқа қыз-келіншектер де жиналып қалған екен.
– Балқия Құмарована, тапайдың тал түсінде не істепжатырсыздар?
– Не істеуші ек, тазалап беріп жатырмын.
– Мына кісі кім? – деді іштеріндегі қылжақбас біреуі.Деді де бірдің
аузындағы, бәрінің көзіндегі сұрақтың жауабын да өзі сартеткізді:
– Кім дегенің біреу боп шықпасын… Сөзді екіншісі іліпәкетті:
– Байқаңыз, Балқия апай, бөтен еркектің шаңын қағыпжатқаныңызды
күйеуіңіз көріп қойып, өзіңіздің шаңыңызды шығарыпжүрмесін...
Мынаның күйеуі туралы айтылғанда, өзінің де келіншегіесіне түсіп, бағанадан бөтен әйелдің алдында аса бір ләззатты тәкаппарлықпенталтайып тұрған бұл аяқ асты мүләйімкүйге еніп, аяғын епті қолдан сілке тартыпшегіне беріп еді жаңағы қылжақпас:
– Ибәй, шымшып алдыңыз ба? – деп тағы бір түйреп өтті.
Не керек, ойда жоқта ұшырасқан қыз-қырқын тегін күлкігеқарық болды да қалды. Бірақ осы сәттопты күлкініңжықпылынан еміс-емісшалынғандай болды да, артынша анық естілген. Жедел жәрдемнің ащы дабылы. Иә,таяп қалған секілді. Бұл әй-шәйсіз жалт бұрылып, зыта жөнелді.
Галстугы сырықтың басына байланған жалаудай желпілдеп,қарсы келген, қалып бара жатқан жұрттың жанарын іліп әкетіп, тапырақтап қашыпкеледі. Тротуарда қолтықтасқан екі кемпір қапылыста сытылып кеткен қалта қаққышдеп ойлаған шығар, әуелі бұған жырылып жол ашты да, артынша-ақ бажылдап қалаберді. Жедел жәрдемнің дабылы да бірде еміс, бірде анық естіліп өкшелеп келеді.«Кеп қалды-ау… Ұстай алмайды… Қазір көк желкеңнен бүріп түскенде көрем…Қолға түссең өткен жолғыдан да сорақысы болады… О жолы қатынның тілін аламдеп құрыған ең, ал бүгінгің не тыртың?!.»Өзімен-өзі дауласқан күйі құйғытып келіпкөшені тұйықтай көлденең тұрған ғимараттың ашық есігінен ішке зып берді. Жеделжәрдем қапталдағы аулалардың біріне бұрылып өз жөнімен кеткенін білген де жоқ.
Бұл кіргені кинотеатр болатын. Табалдырықтан күтіп алғанкезекші:
– Болыңыз, басталайын деп жатыр. Касса ана жақта, — депжөн сілтеді.
Бұған да керегі сол. Екі-ақ аттап жетіп барды. Екпіні тапбилет беретін тесіктен ары өте шығардай еді.
– Қиқоңыз, — деді кассир қыз іннің аузындай ойықтан қылтиыпқарап.
– Кімді айтасыз?
– Фильмді айтам. «Қиқоңыз» деген кино. Билет аласыз ба? Тездетпесеана
жүнді білек жендеттер мұның өзін қиша домалатарын ойлапүлгерді.
– Иә… беріңіз… Бір билет, – деді әлі де ентігін басаалмаған күйі дірілдеген қолымен төс қалтасынан ақша суырып жатып...
***
… Кадрда жер шарындай домалақ қи тұр еді. Кенет бірін-біріөкшелей қуып экранға шыққан екі қоңыз әлгі домаланған қиға таласа кетті. Әуеліалты аяқты, құрыш сауытты құбыжықтар жер шарының қос бүйірінен келіп қысқанеді, қи-шар дүлей күшке шыдамай қақ бөлінді. Енді жауласқан екеу біресемүйіздесіп, біресе ортасынан опырылып, ұрыс алаңына айналған қиды үңги іреп, ойнақсалып жүр. Ақырыбағанағы жұп-жұмыр сүйкімді қи жаймалана шашылды да қалды.Сол-ақ екен мына екеуі түк болмағандай тайғанай жорғалап екі жаққа тайып тұрды.
Кадрға үшінші қоңыз кірген. Бұның да тұрқы мен түсіжаңағы екеуінен аумайды. Тырбаңдаған жүрісі де. Тек бұның миссиясы мүлдем бөлекекен.Ә дегенде ағайындары боршалап кеткен қидың ірілі-ұсақты үгіндісін артқы жәнеортаңғы жұп аяқтарымен итеріп, тиісінше алдыңғы екі аяғымен жер тірей жылжып, әудемжерден өткен әлдебір жануардың тұяқ ізіне қарай таси бастады. Содан соң іздіңернеуінен ішке үңілген. Із түбіне қақ суы тұнған екен. Қоңыз еш ойланбай суғакүмп берді де, ортасына дейін жүзіп барып, кері қайтты. Сөйтті де су тигенденесімен әлгі үйме-жайма қидың үстінен ары-бері өте бастады. Осы әрекетәлденеше рет қайталанған. Қоңыз енді дағды бойынша алдыңғы аяқтарымен жертіреп, артқы, ортаңғы аяқтарымен әжептәуір дымқылданған үгінді қидышіренеитеріп, біріктіре бастады. Тағы да қақ суына малшынып келді, тағы да үйме қидыңүстімен ары-бері өтті. Сөйтіп әбден иледі. Ең соңында бағанағыдай емес ұйысып,жөнге кеп қалған қи-кесекті артқы аяқтарымен бір жақ астынан көтеріп, мүйізіменжер тіреп тұрып, алдыңғы екі аяғымен кедір-бұдырын іргеден жоғары қарай түреқуып сылауға кірісті.Өстіген аз ғана машақаттан кейін қи да домаланып жолғатүскен.
Бұл тағы бір қызыққа таң қалды. Басы салбырап, алдыңғыекі аяғымен жер тіреп, артқы төрт аяғымен таудай қиды домалатқанөжет қоңызыңызбіраз жүрген соң тоқтай қалып, өзі итеріп келе жатқан кесектің үстіне шығап,төрт тарапқа барлай қарап, бағыт-бағдарын бір пысықтап алады екен. Сөйтеді деары қарай сапарлайды...
Қиқоңыздың ұзақ та азапты сапары немен аяқталғанын бұлкөре алған жоқ. Пыс-пыс етіп ұйықтап отырған жерінен қасындағы кісі түртіпоятты. Фильм аяқталып, жұрт дабырлап сыртқа шығып жатыр екен. «Қиқоңыз мұратынажетті ме екен?» — деп ойлады. Ойлады да есінеді.
***
Үйге кештетіп жеткен. Келіншегі тымырайып қарсы алды. Әдеттегі айқай-ұйқайы ұшты-күйлі. Бұл даләм-мимсіз сылқ етіп отыра кетіп еді, кіші ұлы еңбектеп келіп аяғына жармасты.Тырмыса өрмелеп түрегелді де, әкесінің тізесінен иіскеді. Бойының жеткен жерісол ғана. Қалт-құлт етіп құлағалы тұр. Балағына оратылған кішкентай періштені бұл«әуп» деп көтеріп алып, құшағына басып, құшырланып тұрып иіскеді. «Пах, шіркін!Пейіштің жұпары ғой, мынау. Аңқып тұр!» — деген содан соң. Құшыры қанбай иіскейберді, иіскей берді. Иіген сайын бойы бусанып, жеңілейіп барады. Құдды балакөрмегендей өпті-ай келіп. Қара тастың борша үгілгенін сәби де сезсе керек,кішкентай қолдарымен бұның шашынан, көзінінен, мұрнынан ұстап көріп, сосынбет-аузын сілекейлеп сүйе бастады. Осы кезде есіктің қоңырауы шылдыр ететүскені еді, келіншегі аршып жатқан картобын тастай салып тұра жүгірді:
– Өзім ашам… Жүрегі су ете түсті. Сезгендей-ақ ақхалатты жүнді қол
жендеттер саусылдап кіріп келе жатқан...
Ал бұл уақытта фейсбук тұрғындары қисық бет, мұртты,жүдеу өңді, бірақ жөндем киінген ер азаматтың жағдайын қызу талқылап жатқан еді.«Көргенбіреу-міреу болса хабарын берсеңіздер екен», — деп телефон нөмірін жазып,суретін қоса жариялаған келіншегінің айтуынша психиатриялық орталықта тіркеудетұрған көрінеді. Түсте үйден шығып кеткен.