Саясат

Нұрлан Сауранбаев Қазақстанның көлік министрі қызметіне қайта тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Сауранбаев Қазақстан Республикасының көлік министрі қызметіне тағайындалды.

Фото: ашық дереккөз

Білімі:

  • 1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

  • 2001-2002 жылдары Италияның Милан қаласындағы ENI-Agip мұнай өнеркәсібі оқу орталығында білім алып, мұнай әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.

  • 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистратурасын «Әскери және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

  • Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

  • 1991-1997 жылдары – «Еңбек» компаниясының бас директоры;

  • 1997-1998 жылдары – Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің атқарушы директоры;

  • 1998-2000 жылдары – «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Жолаушылар тасымалы» еншілес кәсіпорнының директоры;

  • 2000-2002 жылдары – Атырау мұнай өңдеу зауытының бірінші вице-президенті;

  • 2002-2004 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Инжинирингтік және сервистік қызметтер департаментінің директоры;

  • 2004-2007 жылдары – «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры;

  • 2007-2010 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-та мұнай тасымалдау және сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директор;

  • 2011-2014 жылдары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі;

  • 2014-2016 жылдары – ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары;

  • 2017 жылы – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің жетекшісі;

  • 2017-2018 жылдары – Шымкент қаласының әкімі;

  • 2019-2021 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі;

  • 2021 жылғы сәуірден 2025 жылғы маусымға дейін – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы;

  • 2025 жылғы 30 маусымнан бастап – Қазақстан Республикасының көлік министрі.

Сайт Әкімшілігі