Нұрлы жол: Нұр-Сұлтан мен Павлодар тас жолы биыл аяқталады
Нұр-Сұлтан – Павлодар тас жолы биыл жасалып бітеді. Бұл туралы Жас АЛАШ «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.
«905 шақырымды алып жатқан «Орталық — Шығыс» көлік дәлізі (Нұр-Сұлтан — Павлодар қаласына дейін) және Павлодар-Семей-Қалбатау қалалары арасындағыавтожолдың құрылысын 2019 жылы аяқтау жоспарда. Қазірге дейін 404 шақырымыпайдалануға берілді», — делінген хабарламада.
2018 жылы Нұр-Сұлтан — Павлодаржәне Павлодар-Қалбатау учаскесінде жалпы ұзындығы 501 шақырымда жөндеужұмыстары жасалған еді. Былтыр 2018 жылы 239 шақырымы қолданысқа берілген. Бөлінгенқаражаттың жалпы сомасы 57,4 млрд теңге.
Бұл автожол инфраструктуралық даму «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салыныпжатыр. Отыз жылға пайдалануға берілмек. Мердігер компания бес жылға кепілдік береді.Яғни 2023 жылға дейін жолдың сапасына жауап береді. Тас жол тәулігіне он мыңавтокөліктің жүруіне лайықталған.
Фото: tengrinews.kz