Нұрсұлтан Назарбаев Amanat партиясының мүшесі емес – Айдос Үкібай
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта өзі негізін қалаған Amanat партиясының мүшесі емес және партия қызметіне араласпайды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.
Үкібайдың айтуынша, Назарбаевтың партиядағы қазіргі өзгерістерге ешқандай қатысы жоқ.
«Нұрсұлтан Әбішұлының партияға қандай қатысы болуы мүмкін? Ол президенттік өкілеттігін 2019 жылы тоқтатты», – деді баспасөз хатшысы.
Сондай-ақ оның сөзінше, экс-президент бүгінде саяси қызметпен айналыспайды және елдің саяси процестеріне араласпайды.