Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттілігін тоқтатты

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ өзінің өкілеттілігін тоқтататынын жариялады.

Jasalash.kz
Президент мемлекеттік арналардан арнайы үндеу жариялады.Отыз жыл мемлекет басқардым деген Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ өзіне осы уақытқа дейін сенім артып дауас берген қазақ халқына алғыс айтты.«Мені қолдаған халқыма басымды иемін. Енді жастардың билікке келуін қамтамасыз етуіміз керек. Заңға сәйкес мемлекет басына сенат төрағасы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ келеді. Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ Қазақстанды басқаруға лайықты азамат.Менің замандастарым қолымыздан келгенше еңбек еттік. Жастарға айтарым тәуелсіздігімізді, отанымызды сақтай біліңіздер», — деді Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.  Фото ғаламтордан алынды. 
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега