Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы көпшілік алдына шықты
Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлдары Тауман мен Байкеннің анасы Әсел Исабаева (Құрманбаева) Kazakhstan Fashion Week аясында өткен «Dinara Satzhan» бренді көрсетілімінде көзге түсті.
Сән көрсетілімі өткен демалыс күндері Ұлттық музейде ұйымдастырылған. Іс-шарадан түсірілген суреттерді қонақтар әлеуметтік желілерде бөліскен.
Айта кетейік, Әсел Исабаеваның Instagram парақшасы жабық.
Әсел Исабаева есімі бірнеше жыл бұрын «Пандора құжаттары» деп аталатын жаһандық ақпараттық жарияланымнан кейін кеңінен талқыланған болатын. Онда оның офшорлық компаниялар арқылы табыс тапқаны жөнінде мәліметтер жарияланған.
Ашық деректерге сәйкес, Әсел Исабаева Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын серіктері саналатын Владимир Ким мен Владимир Ни байланысты компаниялардан шамамен 30 млн доллар алған. Сондай-ақ оның қарамағына «Астана-Балет» театры мен басқа да активтер өткен.
Кейін театр мемлекетке қайтарылғанымен, Құрманбаева онда арт-директор қызметін сақтап қалды.
Еске салсақ, 2023 жылдың қарашасында Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет екінші отбасының бар екенін, сүйіктісі Әсел Құрманбаева мен екі ұлы бар екенін ресми түрде мойындаған.
Ал 2025 жылдың шілде айының соңында Құрманбаеваның туған әпкесі Ақмарал Есполованың Дубайдан қымбат пәтерлері анықталғаны туралы ақпарат тараған еді.