Өңір

Нұржан АЙҒАЛИ. Ол бөтен нәресте емес

Мұндай қорқынышты түнді ғұмырында, сірә, көрмеген болар. Қаңтар айы-ныңсауыс-сауыс аязды түніінің нілдей қараңғылығын қақ жарған жедел жәрдем машинасы нәрестелер үйінің алдынаышқына келіп тоқтағаннан-ақ ол жалғызсырай бастағанын сезді.

Jasalash.kz

Қаракөз болсабүйірдегі есікке еніп бара  жатып бұғанқимай бұрыла қарады. Тұңғиық қара көздері мынау анталай қоршаған түнқараңғылығына қандай ұқсас. Соншалықты тұңғиық, сонша-лықты үрейге толы. «Ол дажалғызсырап барады-ау» деген ой келгенде Шә-кен келіншегін еріксіз аяп кетті. Келіншегінің үрейге толы көздерікөңіл түк-пірінде ұялап қалыпты.

Әудем жерге дейінкеліншегінің киімдерін құшақтаған күйі тоқтамайаян-дады. Төңірек тастай қараңғы. Алдымен етіктің бір сыңары, сонан соң тағыбір нәрсе жерге сусып түсті. Амалы құрыған бұл киімдерді бір жерге үйіп қойдыда, үсті-басын қаққылаған. Алақ-жұлақ қарап жан-жағына қаншама үңілгенменештеңе ажырата алмады. Бейтаныс көше, терезелері үңірейген ығы-жығы жер үйлер. Қаракиімді әлдекімдер сыбдырын білдірмей бұған қаусырмалай жақындап келе жатқандай.Жон арқасы әлдекім бір уыс қар сеуіп жібергендей мұздап қоя берген. Түу, недеген қорқынышты түн!

Барлық қалтасын түгел қарап шықты. Көк тиын жоқ. Өзін-өзі әдемілептұрып сыбап алған. Ол аз болғандай тастай жұдырығымен санын айырта бір соқты.Бір жақсысы қашан салғаны белгісіз, алдымен бір тал темекі, содан соң екі талшырпы мен оның қорабының сынығы шықты. Ақкөңіл жігіттің ашуы тез тарқапкәдімгідей мәз бола қуанып қалды.

 Темекісін әпсәтте тұтатып алашырпысын ракета етіп ауаға серпе шертті. Келіншегінің көздерінен бастау алғанүрей аздап сейілгендей, қара киімділер шегініп ығы-жығы үйлердің арасына барыптығылғандай. Есесіне ішкі дүниесінде бір ой тасқыны белең алды да мына сөзеріксіз ытқып шыққан:

– Ойпыр-ау, мен де әке боламын-ә...

Қызық. Тұңғыш нәрестесі дүниеге келеді. Ұл ма, қыз ба? Бәрібір, бәрібірбұған. Тек Қаракөз аман-есен босанса екен сол...

Шәкен темекісін құшырлана сора берді де елең ете түсті. Бала жылағандайма, қалай? Қаракөзі босанып бейне мұны шақырып жатқандай.

Нәрестелер үйі жаққа үңіле қарап тың-тыңдады. Тыныштық. Ығы-жығы үйлержақтан әлдебір ит әупілдеді. Темекісінің күлін түсіріп, қайта ой шылбырын«ұстай» берген. Тағы да бала жылағандай. Таңғала тұрып тағы да құлақ түрді. Шыныменсәби үні, сәбидің «іңгәлағаны» естілді. Қайдан? Алдымен ыңырсып жыласа, ендібірте-бірте үдетіп барады.

Әлдекім баласын жұбата алмай жатқан тәрізді. Сәби үні нәрестелер үйініңайналасында шоғырлана өскен ағаштардың арасынан шығып жатыр. Көңіл аудармайындесе сәбидің шырылдаған ащы үні зорайған үстіне зорайып, түннің дір-дір еткенқара пердесін дар-дар жыртты. Шәкеннің ішкі дүниесінде жаңа әзірде ғана бұғақалған үрей қайта бас көтерген. Кім? Неге мұншама жылайды? Анасы қайда? Болсанеге жылатып қояды? Жан-жақтан анталай лап берген сауалдар таусылар емес.

– Іңгә-ә! Іңгә-ә!–Шырылдаған нәресте үні Шәкеннің шыдамын тауысты. Сәбионша алыста емес тәрізді. «Неде болса да бару керек» – деп шешті ол.Келіншегінің пальтосын жайып, қалған киімдерді соған салып буып тастады.

Енді міне, қатқақ мұзды қаршылдата басып ол «іңгәлаған» дауыс шыққанжаққа асыға басып келеді. Нәресте үні барған сайын анық, әрі жақыннан естілебастады. Ал ол үн тіптен жақын арадан естілгенде бала көтеріп тұрған сүлденікөре алмай Шәкен қалт тұра қалып, қараңғылыққа үңіле қараған. Жан жоқ! Жерастынан шыққандай «іңгәлап» жылаған кішкентай адамның жалынышты даусы төбеқұйқаңды шымырлатып безілдеді-ай келіп! Тіл жоқ, бірақ көмекке шақырған бейкүнәүнді одан әрі тыңдап тұруға дәті шыдамайқолындағы киімдерді тастай салабұта-бұтаның түбінен сәбиді қармалай іздеп кетті.

Жоқ! Сәби үні шынымен жер астынан шығып жатыр ма, әлде біреулер солүнді айнытпай магнитофонға жазып мұны мазақтап тұр ма екен? Қармалай жүргендеәлденеге сүрінді. Оңбай жығылды. Ағаш бұтағы бетін қатты осып жіберген. Сонсоңсол жері дыз-дыз ауырып жанын көзіне көрсетті. Жылымшы бірдеңе ақты. Қан болар.Жалма-жан сүрткен болды.

– Тфу, сайтан алғыр-ай!–деді Шәкен үсті-басын қаққылап. Нәресте үні сәлғана тыншығандай болды да қайта үйреншікті «әніне» басты. Түу, не дегенқорқынышты түн!

– Іңгә! Іңгә-ә!

Шәкен бұл жолы асықпады. Сәби үні шығып жатқан тұсты нақты мөлшерлепалды да, бетін қорғаштай тура тартқан. Сәт өтпей әлденеге тірелді. Қолыменсыйпалап, бажайлап қараса қоқыс салатын темір жәшік. Сәби даусы осы теміржәшіктен шығып жатыр. Ішіне үңіліп қарады. Ілкі сәтте сәл тынышталған сәби тағыда жылап қоя бергенде жүрегі тас төбесіне шыға ол құлап қала жаздады. Нәрестеқоқыс салынған темір жәшікте екен. Екінші рет үңілгенде ақ матаға оралғаннәресте Шәкен көзіне бірден түсті. Әп-сәтте еңкейіп жіберді де көтеріп алды.Көтеруін көтеріп алғанмен әрі қарай не істерін білмей сассын. Бұрын біргазеттен сәбилерін далаға тастап кететін қатігез қыз-аналар туралы мақаланыоқығанда сенбеген. «Өтірік! – деген ол өзінше ашуланып, –Ау, қандай ана өзсәбиін далаға тастап кетпек. Жоқ! Өтірік деген соң өтірік! Тіптен айуан екешайуан да өз баласын тастамайды ғой...» Тап қазір, қараңғы түнде газеттегі солбір ащы шындық алдынан атойлап шығатынын ол сірә де ойлады ма? Әрине, жоқ.

– Тфу, қандай қатігездік! Өй, әкеңнің аузын!.. Біздің кейіпкерімізғұмыр бойы бүйтіп ашуланбаған шығар. Қаны басына тепті. Көздерінен отұщқындады. «Қазір кездессе ғой, шіркін! Шашын жұлар едім...» деп іштей ойлағанШәкен байқамай нәрестені қысыңқырап жіберіпті. Сәби «шыр» етіп қайта жылады. Оленді ойланып тұрмады. Ойлануға уақыты да жоқ-тын. Бір қолымен пальто-түйіншектіәзер алған Шәкен көшеге түсті де ілгері аяңдады.

Үйге тез жеткізу керек! Айтпақшы үйде бір жақсысы келінінің ай-күніжеткенін естіп алып ауылдан келген Шәкеннің анасы бар болатын. Баланың жағдайынсол кісі біледі. Тек үйге тезірек жетсе ғой. Тіптен бөтен, бірақ дәл қазірШәкеннен басқа жақыны жоқ нәрестенің қарны ашты ма кім білсін «іңгәлап» жылайбастады. Әбүйір болғанда бір жеңіл машина келе қалмасы бар ма? Әдрісін айтыпеді, айдаушысы жолға кететін ақшаны бірден есептеп шығарды. Іштей ызаланса да,көк тиыны жоқ жігіт келіскен рай білдіріп үнсіз басын изеді. Анасы мұны құрақұша сыртта қарсы алды. Жүзінде таңданыс пен үрей.

– Келін қайда? Босана сала алып келгенің не? Әлде...

Ә дегенде түсіндіруге мұршасы жоқ Шәкен:

– Апа, келініңіз әлі босанған жоқ. Үйге кірген соң барлығын түсіндірем.Мына нәрестені тауып алдым. Міне, алыңыз. Мен үйден ақша алып шығайын,–дедітез-тез сөйлеп.

– Өйбү-ү-үй, жазған-ай, жылап-жылап көгеріп кетіпті ғой, – дедінәрестені ішке алып кірген соң ана орауын жазып. Жұдырықтай ғана тырбандағанқызылшақа нәресте енді «іңгәлауға» шамасы жетпей ыңылдап қояды. Талайкішкентайларды тәрбиелеп өсірген ана саспады. Әбден былғанған жаялығынауыстырды. Шымқап қайта орады да, Шәкенді сүт жылытып әкелуге жіберді. Болашақсәбиге деп алып қойған керек-жарақтың арасынан емізігі бар кішкентай шыны ыдыста табылды. Кішкентай аузына әрең сыйған емізікті нәресте рахаттана сорды.Сәлден соң қарны тойған ол пысылдап ұйықтап та кетті.

Осыдан соң ғана барып ана мен бала біріне-бірі қарама-қарсы отырыпашыла сөйлесті. Апасы бұтақ жырып кеткен Шәкеннің бетін жуып берді.

– Ойпырмай-ә, естімеген елде көп деген осы-ау. Не деген қатігездік? Недеген сұмдық! Күл-қоқыстың арасына қанасын жарып шыққан тірі адамды лақтырыптастау, әй қайдам, бұдан өткен қатігездік жоқ шығар. Сұрапыл соғысты да көрдік,аштықты да көрдік. Бірақ, мұндай сұмдықты көрмеппін, көрмеппін!–деді Бейсенкүлапа толғана сөйлеп. Тіптен басын шайқай орнынан тұрып кетті. Жүзін тор-тор әжімсызғылаған ақ шашты ана еріксіз күрсініп жіберді. Көпке дейін ол ішкітолғанысын баса алмады. Құйтақандай бейкүнә нәрестені жаны езіле аяса, онытастап кеткен кесірлі анаға кейістігін де жасыра алар емес.

– Кім болса да обалы жібермейді. Не дейін балам, әкелгенің дұрысболған. Алдымен келіннің амандығын тілелік. Осыдан аман-есен босанып келген соңмән-жайды түсіндірерміз. Бәлкім мына қызылшақаны бауырына басар, ақ сүтінберер. Бұл да құдайдың бергені ғой. Ертең-ақ адам болып кетеді. Келін қырынқараса амал не, ауылға алып кетемін. Алайда ана сүтіне ештеңе жетпейді.

– Көрерміз, апа,–деді Шәкен орнынан көтеріліп,–мүмкін балалар үйінеберерміз...

– Не дейт, балалар үйі деген не пәлең? – деп Бейсенкүл апа шошынасөйледі. Асырағын келмесе оны айт. Алып кетемін. Ертең-ақ адам болып, шәйімдіқайнатып береді.

– Әншейін айтқаным ғой. Қаракөз аман-есен босансын. Сонсоңақылдасамыз,–деп Шәкен екі ұшты жауап бере апасынан әзер құтылды...

Түн ортасы ауғалы қашан. «Таңға дейін көз ілдіріп алайыншы» депойлаған. Ол ойынан түк шығар емес. Бірін бітірем дегенше, екінші ой-ауылғасүңгіп кетеді де, басы қазандай болып келесісіне жүгірген болжам-ой басынауыртып жіберді. Ара-арасында келіншегінің тәтті қылықтары, онымен қалайтанысқаны, махаббат маусымы көңілін ерекпітіп еске түседі...

Онда да түн болатын. Онда да күпсе көрпесін жамылған қыс еді. Шәкентүнгі сменадан шығып, трамвайдың аялдамасына келген. Соңғы трамвайға болса да,аяқ артып, пәтеріне жетіп алмақ. Оның сыртқы тұрпаты ашандау әрі әлжуаз болыпкөрінетін. Дегенмен ауыр машина жасау заводында істейтін бұл жұмысшы жігіттіңқайратын әріптестері әбден танып білген. Білем-білем темірлерді еркін көтеріп,станоктарды шырқ үйіргенде Шәкенді танымай қаласың. Егеудей алақандары қолқысысқан құрдастарының жанын көздеріне көрсетеді.

Аялдамада жан жоқ. Сәлден соң үркектей аяндап қос бойжеткен келді. Бірікиіктің асығындай аласа бойлы да, екіншісі ұзынтұра. Саумалдай төгілген жарыққашомылған аласа бойлы қыздың әдемілігіне жігіттің қырағы көзі бірден түсті.Қайта-қайта сол қызға қарағыштай берген бұған ол да жалт ете бір көз салыпөтті. Жарықпен шағылысқан қап-қара көздері қандай әдемі! Онсыз да қызға қырыжоқ ұялшақ жігітіміз барып танысуға батылы бармады, әрі оған себебі де болмайамалы құрып тұр.

Қызық болғанда осы кезде қалтақтай басып, бір маскүнем қыздардың жанынакелді де тиісе бастады. Қыздар қашқақтап еді, желімдей жабысқан маскүнем қаларболмады. Сырттай көз салып тұрған Шәкен шыдай алмаған, жайлап барып маскүнемніңбілегінен ұстап, қыздарға тиіспеуін өтінген. Жігіттің қысқаштай қысқан қолыныңқаттылығынан сескенді ме, анау теңселіп тұрып-тұрып бұрылып жүре бергені. Себептабылды. Әп-сәтте қыздармен танысып алды. Бұл көз тіккен қыздың есімі Қаракөзекен. Содан кейін-ақ екі жас жиі-жиі кездесіп тұрды. Көгілдір махаббат көктемімен жайдары жаз да өткен. Қараша айында қос жас қол ұстаса өздерінше шаңырақкөтерді...

Әрі-бері дөңбекшіп көзі ілінбеген соң далаға шықты. Өтіп бара жатыпқарап еді, нәресте анасының жанында тып-тыныш ұйқы құшағында жатыр. Даладабез-баяғы қараңғылық қатықтай ұйып тұр. Шәкен жақын жердегі телефон күркесінебарып нәрестелер үйімен хабарласты. Әлі босанбапты. Бұл Шәкенді кәдімгідейқобалжытып тастаған. «Неге кешігіп жатыр екен? Манағы медбике тез арада болыпқалатын шығар деген жоқ па?» деп іштей ойлаған ол төсегіне келіп қайта қисайды.Жұмысы кешке басталатын. Көз шырымын аздап болса да алғаны дұрыс еді. Жастыққабасы тиген соң тағы да теңіз-ойдың құшағында жүзіп бір берсін. Бір қыдырууақыттан соң электрон сағатына көз жүгіртті. Жетіден асып барады. Қараңғылықпердесі сәл-пәл сетінегендей, нәрестелер үйіндегі кезекші әйел марғау жауапберді: «Әлі босанған жоқ...» Үйге келсе нәресте ояныпты. Анасы сүт беріп жатыр.Анасының үйде болғаны қандай жақсы болды, әйтпесе...

Шәкен үйдің суып бара жатқанын аңғарып от жақты. Бұл жалдамалы пәтердіде өткен жылы Қаракөз екеуі аяқтарынан сарсылып жүріп әрең тапқан. Аядай ғанақос бөлмелі пәтер олар үшін жұмақ үйіндей көрінген. Бір жаман жері таңға жетпейтез суып кетеді. Сегізден аса Шәкен тас-түйін киініп нәрестелер үйіне тартты.Нәрестелер үйіне жақындаған сайын жүрек құрғыр дүрсілдей соғып, әлдебіржаманатты сезгендей ме? Кішкентай Қаракөзінен айрылып қалмаса не қылсын?Аяқтарына ап-ауыр қорғасын байлап алғандай ол әрең жылжып келеді.

Түндегі күл-қоқыс салатын темір жәшік көзіне оттай басылды. Әр бұтатүбін қармалай нәрестені іздеп жанталасқан әрекеттері жадында жаңғырып тұр. Алесіне Қаракөзі түскенде неге екені белгісіз жүрегі қайта қобалжыған. Көзгекөрінбейтін біреу кеудесінен кері итеріп «кет, кет!» деп құлағынан үздіксізсыбырлағандай...

– Фамилиясы кім деп тұрмын? Тесіктен қарап тұрған етженді орыс әйеліосы сөзді екінші рет қайталағанда бұл селк ете түсті.

– Фамилиясы… фамилиясы… Қара басқанда әйелінің фамилиясы есінетүспей біраз қиналды. Әйтеуір айтты-ау. Әйел түсінді ме, кейімей күлімсірепқойды. Тізімді асықпай қарап жатыр. Тағаты таусылған Шәкен тықыршып тұр!

– Ұл, – деді әйел жайбарақат қана, – салмағы үш мың төрт жүз грамм! Жаманемес.

– Немене?! – Бұл айқайлап жібергенін өзі де сезбей қалды.

Ол күліп жіберді де, бұған дауыстай сөйледі:

– Ұлды болдыңыз деп тұрмын. Келіншегіңіз аман-есен...

Қос иығын басқан зілдей ауырлық көзді ашып-жұмғанша сыпырылыптүскендей.

– Мінеки, сүйіншіңіз!–деді Шәкен даудырлап сөйлеп. Қалтасынан жалма-жанқолына іліккен ақшаны суырып алып үстел үстіне тастай салған.

– Азамат! Сіздің мұныңыз дұрыс емес!–деген медбикенің айқайын олестіген жоқ. Нәрестелер үйінің алдындағы тротуарды бойлай жүгіре секіріпбарады. «Еһ-ей! Ұлды болдым, мен ұлды болдым!» деп дауыстай сөйлеген жігітбалаша мәз...

Үйдегі болып жатқан тосын жаңалықты әзірше Қаракөзге айтпауға ұйғарды.Көптен күткен күн де жетті. Қаракөз үйге кіргенше Шәкеннен дегбір кеткен.Жайғасқан соң барлық болған жайды, бөтен нәрестенің үйге келуі туралы оқиғанытәптіштей айтып берді. Қаракөз үнсіз тыңдаса да, енесінің көзінше ойын айтуғаұялды ма, тіс жарып ештеңе демеді. Бірақ жеке қалғанда Шәкенді таң қалдырып,бұл ойламаған өзге бір жайдың шетін қылқитты.

– Шәкен! Манағы айтқандарыңның біріне сенген жоқпын. Кімді балакөрмексің, кімді алдамақсың. Менен де басқа біреуің болғаны ғой. Бәсе, жүрегімсезген. Әйтпесе далада бала жатқанын қайдан естідің? – деді қатқыл сөйлейҚаракөз. Көздерінен бүртік-бүртік жас тамшылары да әлгі суық сөздермен біргедомалана түсті. Шәкен не айтарын білмей сассын.

– Оның не, Қаракөзім-ау? Ақ махаббатымыз алдында адалмын. Ант етейін,адалмын,–дей берген Шәкен сөзін Қаракөз шорт кесті.

– Жо-жоқ, ант ішпей-ақ қой. Мен бәрін білдім. Осыдан баланы қырқынаншығарған соң төркініме кетемін. Біржола кетемін! Менде де намыс бар. Мен деадаммын! Қаракөз солқылдап жылап далаға шығып кетті. Қанша ақталғанымен, болғаншындықты дәлелдегісі келгенмен Қаракөз тастай қатып, алғашқы түсінігінентанбады.

Күндер өте берген. Қаракөз бөтен нәрестеге жоламай қойды. Бейсенкүл апаөзі тамақтандырып, өзі қарап жүр. Үй ішінде, әсіресе жас отаудың сәнін келтіріптұрар Қаракөздің сыңғыр күлкісі естілмейтін болды. «Бәрі де біткені ме?» депойлады Шәкен оңашада өзін-өзі қажап: «Ал бітпесе не істеу керек? Бәрінен де ақадал болып тұрып, сол адалдығыңды дәлелдей алмағаның жаман екен...» Өзі ашанжігіт күн өткен сайын мұрны сорайып жүдеп барады. Жұмысқа барады, келеді.Әрі-сәрі бір күй. Достары әзілдейді: «Ау, ұлды болған адам жарқылдап қуаныпжүрмеуші ме еді. Ал сен болсаң мойныңа су кеткен адамдай тымырайып жүрсің...»Бұл үндемейді. Тек қана жасанды жымиып олардан құтылғанша асығады.

Сезімтал анасы бәрін сезіп, бәрін біліп жүр. Десе де Шәкен анасына бұлжайлы айтып жатуды артық санады.

Бөтен нәрестенің тағдыры кенеттен шешілген. Оны шешкен кездейсоқ оқиғажәне Қаракөздің өзі еді. Үй ішін қаншама көңілсіздік жайлағанымен шекесіторсықтай ұлдың атсыз қалуы мүмкін емес қой. Бейсенкүл ана Шәкенге ұқсас болсындеген оймен Сәкен деп ат қойды. Тауып алған бөтен нәрестенің есімін қарт анаөзінше Сәния деп атап жүр.

Бірде Сәкен бөбек кездейсоқ ауырып қалды. Ыстығы тым көтеріліп кеткенсоң дәрігер шақыртылды. Үй ішінің қарсылығына қарамай жедел көмек Қа-ракөздісәбиімен бірге ауруханаға алып кетті. Бірнеше күннен соң сәбидің бе-ті беріқарады. Беті бері қарай бастаған соң ба, бұрынғыдай жылауын қойып томпиыпұйықтап қалатын. Мұндайда Қаракөз жалаяқтарды жуып, одан қал-ды Шәкен туралы,оның тауып әкелген нәрестесі жайлы ойға шомады. Қан-шама өзін өзі зорлапсендірейін десе де сендіре алмаған. Ішкі дүниесін қызға-ныш сезімі бір суытып,бір жандырып, кейде түні бойы дөңбекшіп ұйықтай алмайтын. Шәкенді бұндай адамдеп ойлады ма екен әуелі...

Бөпесі кеше түнде мазасызданып шықты. Ал қазір ұйқыны соғып жатыр. Қаракөздәлізге шықты. Көрші палатада әлдебір нәресте шырқырай жылай-ды. Алғашқыдакөңіл бөлмеді. Сәби үні бәсеңдемеді, «Іңгә, іңгә, Іңгә...!» Қаракөз шыдамады.«Мамасы қайда жүр екен?» деп ойлады еріксіз. Есікті аш-ты. Ересектерден ешкімжоқ. Кішкентай сәбилер мұнда сонша көп болар ма? Қаракөздің кіргенін сезгендейтағы бір нәресте іңгәлап қоя берді. Жылап жат-қан сәби әбден былғаныпты. Астынауыстырып жатқанында мұның қасына медбике келді.

– Бұлардың аналары қайда? – деді бұл ренжігенін жасыра алмай.

– Қайдағы анасы? – деді мырс ете күлген медбике әйел, – мұнда кілең тастан-дысәбилер жатыр.

Қаракөз селк ете медбикеге таңдана жалт қарап:

– Тастанды сәби дейсіз бе? Кім, кім тастаған?–деді даусы оқыс қаттышы-ғып.

– Кім тастаушы еді, адамдар да. Туады да кез келген жерге тастапкетеді. Көбінесе нәрестелер үйінің жанына тастайды. Тауып алғандар бізгеәкеледі. Біз аздап қатайған соң жетімдер үйіне жібереміз, – деді медбике  жайбарақат қана.

– Сонда бұлардың қатігез аналарына сот жоқ па? Өз балаларын қиып қалайтастайды? Мына сәбилер манадан бермен шырқырап жылап жатыр. Неге дұ-рыстапқарамайсыздар?.. Қаракөз сұрақты жаудырып жібергенін өзі де аңғармай қалды.

– Өз аналарына керек емес сәбилер бізге керек пе екен?!–медбике әйелсәл мүдірді. Содан соң өзінің сөзіне өзі ыңғайсызданды ма,–Адам жетіспейді. Үшпалатаға жалғыз өзім. Үйге барғанда шаршағаным соншалық сүріне жығыла-мын.Сірә, кететін шығармын, бұл жерден. Ал сәбиін тастаған қатігез ана ұс-талсасотталады. Әй, қайдам, көбінесе ұстатпай кетеді,–деді ол наразылығын жасыраалмай. Қаракөз бәріне өзі кінәлі адамдай сәбилерге тура қарай алма-ған күйі тезшығып кетті.

Ішкі дүниесі алай-дүлей. «Өмірде осындай да болады екен-ау. Қатігездерөңшең… Менің Шәкенім адал болып шықты ғой. Ал мен сенбей жүрсем...»Қараңғылау бұрышқа аяңдады. Көзінің жасы ағыл-тегіл ағып тоқтар емес.Мөлдіреген тамшылар тамған сайын ішкі дүниесі де тазарып, екі иығындағы ауыржүк түсіп, бойы жеңілдегендей сезінді. Ойда жоқ жерден өткен бұл оқи-ғаҚаракөзді бір жағынан қуантты, бір жағынан күйінтті. «Рас-ау, бұдан өт-кен адамөмірінде қатігездік болар ма?! Жоқ, жоқ!». Даусы кеткенін аңғарып, басынжастықтан жұлып алды. Әбүйір болғанда палатадағылар қалың ұйқы құшағында жатыр.Таңды атыра алсашы. Шәкенін күтті!..

… Бейсенкүл ананың көңілі алаң еді. Келіні мен баласының арасындағыжай ұнаған жоқ. Өзінше нық байламға келді. Келіні ауруханадан шыққан соңнәрестені ауылға алып кетеді. Ауыл адамдары таң қалуы да мүмкін. Мейлі, не десео десін. Бұл не көрмеген бас. Соғыстың қайнап тұрған шағында да бес баланыбірдей аман-есен алып шыққан жоқ па бұл Бейсенкүл. Қызығы сол бесеудің екеуібелорус балалары еді. Ұмытпаса қырық екінші жылдың қысы болатын. Стансаға мынабір хабар тез тарады. «Стансаға суыт жиналыңдар. Соғыста ата-аналарынанайрылып, жетім қалған бір топ баланы әкеліпті...»

Көппен бірге бұл да барды. Көздері жәудіреген отыз шақты үлкенді-кішілібалалар бұларға үрке қарайды. Станса бастығы Қайролла сөзді қысқа қайырды:

– Өздеріңіз де түсініп отырған боларсыздар.Мына балаларды таратуымыз керек.Әркім әлдері келгенше бір-екіден алыңыздар. Ел іші ғой бірдеңе етіп күнкөрерміз.

Расында да қиын щақ болатын.Нан карточкамен берілетін. Күні-түніжұмыс… Ерсілі-қарсылы ағылған составтар… Ол кезде қылшылдаған жаскезі.Соғыстан үш-төрт жыл бұрын ғана Сырымға тұрмысқа шыққан. Екі ұл, бір қызыбар.Сырым соғыс басталғанда-ақ алғашқылардың бірі болып майданға кеткен. Ендішиеттей балаларын кәрі енесіне тастап күндіз-түні демей станса басындағыжұмыста май-май болып жұмыс істейді. Балаларды алайын десе үйдегі жағдайынойлайды, алмайын десе көздері жәудіреген тірі жетімдерді аяйды. «Тәуекел!» депойлады ол іштей, — алайын. Әнеу шеттегі тұрған он-он бір жастағы секпіл бетсап-сары ұл бала мен оған жабысқан көкшіл көз балапан қыз бауырлар болар.Соларды алайын...»

Екеуін жетектеп үйге әкелді. Енесі кейіп тастай ма деп қыбыжықтап үйгеәрең кірді. Жағдайды айтқан соң ол кісі:

 Дұрысістегенсің, келінжан. Қиналармыз, дегенмен әр баланың өз несібесіболады.Отбасымызға екі адам қосылды.Бұл біле білсең той ғой, — деп енесікелінінен асып түсіп,үйдегі барды пісіріп жіберді де, сол күні кешке көршілеріншақырды.

Қыздың аты Ксения екен. Сәния деп атап кетті.Ұлдың аты Володя екен-Балаби болды. Сонсоң Нұрлан, Тәкен, Әсия және соғыстан кейін дүниеге келгенкенжесі Шәкен. Барлығы ауылда еді. Ксениясы Оралға тұрмысқа шыққан. Ал қалғанбалалары пермер дей ме әйтеуір бір кәператіпте бірігіп жұмыс істейді.ШәкеніАлматыға оқуға кетіп, сол жақта жұмысшы болып қалып қойды.Бір аяғын орысжерінде қалдырып күйеуі Сырым да оралған.Осыдан оншақты жыл бұрын ауырып қайтысболды.Бейсенкүл апаның көңілін Шәкен тауып әкелген бөтен нәрестенің жайы бірбұзса, келінінің бейкүна сәбиді көріп мұздай қатып қалғаны кәрі жүрегін тағы дааунатты, Жалпы нәрестені тастап кеткен безбүйрек қаніпезер анаға ол өзіншеөшікті, өзінше ғайбаттады...

Ақпан айының бұл күні көктем күніне бергісіз ашық та жылымық еді.Есікалдына жеңіл машина тоқтады.Бейсенкүл ана сексеннен асса да тың.Кебісін киесала сыртқа аяңдады.Шәкен Қаракөзді ауруханадан шығарып алуға кеткен.Солар ғой,солар. Әне, Шәкені мұның немересін көтеріп келеді.Өзі әлденеге көңілді.Сәлемдескен соң келіні күлімдеп екі-ақ ауыз сөз айтқан. Сол екі ауыз сөз анакөңілін шайдай ашқан. Қаракөз айтқан сөз мынау еді

– Кешіріңізші, апа! Мен бәрінтүсіндім. Сәнияны өзіміз алып қаламыз. Ол енді бөтен нәресте емес!     

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега