Әлеумет

Нүсіпова «Сабантойдың» сәнін келтірді

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем НҮСІПОВАҒАсемейліктердің ешқандай өкпе-реніші жоқ.

Jasalash.kz

Қайта Өскеменнен айына екі-үш реткеліп-кетіп жүретіні үшін дән риза. Келгенде де ылғи бір жақсылықтардың басынантабылып, қала халқының қуанышын көрсететін той-томалақтарға кенеліп қайтады.Тіпті, кейде демалыста іші пысса, Семейге тартып кететін болыпты. Өткен аптаныңжексенбісі күні татар халқының ұлттық мейрамы – «Сабантойдың» қымбатты мейманыболуы соның айғағы.

Бір анығы – Әсем БЕКҚЫЗЫ Ертіс өзенінің ортасындағы Бейбітшілік аралында өткен «Сабантойға» жайғана ішіп-жеп кетуге келген жоқ. Татарстан Республикасынан арнайы келген осыелдің халық әртісі Резеда Тухватуллина, Ресей елшілігінің атташесі Анрей ХАНОВТАРМЕНбірге аяқ басып, Семейдегі этникалық татарлардың ұйымшылдығы мен береке-бірлігімықты екеніне тәнті болды. Ұлттық тағамын ұсынып, риясыз көңілмен қарсы алғантатар халқына әдемі ғана жымиып қараған облыс әкімінің орынбасары татартақиясын әдейілеп киіп келіп, құрметін білдірді. Кейіннен Өскеменге қайтқан соңосы «Сабантойдан» алған әсерін өзінің «Фейсбуктегі» парақшасында тамсанабаяндады да.

Әрине, мұның бәрі де ең алдымен бауырлас қалаларсаналатын Семей мен Қазан қаласы арасындағы достық байланыстың нығаюыныңнәтижесі. Осылай Семейге әдейілеп келіп, татар мен қазақтың арасында алтынкөпірболып жүрген Әсем Нүсіповаға қалайша риза болмассың. Бірақ… Бәрі сол бірақтаншығады ғой.

 Сол жексенбіденбір күн бұрын ғана Семейден 300 шақырым жердегі Қайнар ауылында Қайнар халықтеатрының 50 жылдығы аталып өткен болатын. Бұрынғы Абыралы ауданының орталығыболған Қайнар – бүгінде Семей қаласының құрамындағы ауылдардың бірі. Басынататар тақиясын баса киіп, «Сабантойдың» сәнін келтірген облыс әкімініңорынбасары  жер шалғайлығына қарамай, солшараның куәсі болып қайтқанда, халықтың өзіне деген құрметі тіптен, арта түсерісөзсіз еді. Алайда, Әсем Бекқызын Семейден ары жіберуге қала әкімі Ермак СӘЛІМОВТІҢжүрегі дауаламай ма, қайдам, үнемі Семейдің ғана «кереметін» көрсетуге әзіртұрады. Есесіне, бұл жолы Ермак БИДАХМЕТҰЛЫНА қайнарлықтар дән риза болды.Өйткені, асфальтінің көбесі сөгілген трассада төбесі көлігінің маңдайшасынасолқ-солқ соғылып, сонауҚайнарға барып қайту Семей әкімінің ғана қолынанкеледі. «Әкім бол халқыңа жақын бол» деген сол ғой, Қайнар театрының тойына жалғызаттанбай орынбасары Айдар САДЫРБАЕВТЫ, қалалық Мәдениет және тілдерді дамытубөлімінің басшысы Назерке АҚҚОЖИНАНЫ қоса ала барып, жергілікті Мәдениет үйіндеқарасы сиреген қайнарлықтардың қуанышын бөлісіпті.

Бір қызығы бұл театр тойы деп аталғанымен, Қайнармәдениет үйіндегі әкім қатысқан әдеттегі шараның бірі болғаны көрініп тұр.Өйткені, жарты ғасырлық тарихтан сыр шертетін мардымды сахналық көрініс, яболмаса, театрдың қалыптасу кезеңін баяндайтын салмақты сөз сөйлеген де ешкімкөрінбеген жайы бар.

Жасыратыны жоқ, бұл күнде Қайнардың әлеуметтік жай-күйімәз емес. Қала әкімі бастаған шенеуніктер өздері шапқылап барғанымен, облысбасшылығынан бір «дөкейді» ерте келуге әлі күнге дейін дәрменсіз. Әйтпесе,Семейдің әкімі үшін Абыралы өңірі бармай жүрген, көрмей жүрген жер емес.Мәселесі шашетектен болғандықтан да оны облыс орталығынан келген ұлықтарғакөрсетуге ұялатын сияқты. «Сабантойдың» сәнін келтірген облыс әкімініңорынбасары Әсем Нүсіпова барса мәдениет үйінде аталып өткен Қайнар театрының 50жылдық тойы ауыз толтырып айтуға лайықты, болашағы бұлдыраған елдің еңсесінкөтерген елеулі оқиға болар еді дейміз де… Әйтпесе, аптасына бір келетіндемалысын «сабантойға» қиған Әсем Бекқызының қайда барып қайтқанына «қызығып»неміз бар?!..

Фотоны автор ұсынды.   

   

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега