Өңір

Нүсіпқан Қадырсұлтан. БІР АРМАН

Түн жарымы, көз шырымын әлі ала алмаған Шолпан ана терезе пердесін сәл сырыпсыртқы әлемге көз тастады.

Jasalash.kz

Қала шаһарының кәдуілгі тіршілігі әлі саябырлайқоймаған тәрізді. Қызылды-жасылды сан шырақтар аспандағы жұлдыздардай самсап-ақтұр. Асфальт жолдардағы қайшаласып ағылған көліктер мен адамдардың абыр-сабырыбасылмаған. Білем, қарт ананың көңілінде бір алаң бардай. Ананың әлсіз жанарыналдады-ау анау дүние. Талықсыған жанарын салалы саусақтарымен сәл уқалаған анада терезе алдында енді тікесінен тік тұра бермеді. Төсегіне кеп жайғасып жатты.Бірақ бәрі бір қанша жерден көзін жұмса да ұйқы құрғыр бүгін өзін маңайлайтынемес. Жатын орнына қарама-қарсы ілулі тұрған марқұм шалының суретіне де көзіосындай да кеп тоқтап қалатыны бар. Сол суретке қарай қалса болды ескідүниелері, өткен-кеткендері үйіліп, төгіліп көз алдына бірақ келетін. Қанша жерденқарамайын десе де, құрғыр дүниеге тоймайтын, топырақтан да ауыр көзінің ырқынаншыға алмай қалатын. Енді не болды? Алданыш пен арман тайталасты, сағыныш пенсабылыс жанардың жасына ерік сыйлады. Ананың қос жанарынан ағытыла сырғанағанмөлдір жас тамшылары жастықты малмандай етіп шылауға жақын.

Ұлы әлі жұмыстан оралмаған. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.Әйтеу, ұлы бір күні ерте, бір күні кеш келетін. Қалада тұрақты жұмыс жоқ.Көтерме жұмыстармен құрлыстарға жалданып жүр. Кейде сол табан ет, маңдайтерінің бодауын да дұрыс ала алмайтын кездері болады. Бір жолы жұмысының қаражатынтолық бермей қитаққа салған қожайынның бірімен сөз таластырып қалған екен,соңынан оның жандайшаптары келіп, оны аямай соққыға жыққаны бар. Содан беріананың көңілі алаң болып, түн баласы жүрегі тыншымайтын. Өзін сабырға шақырыпәзер тоқтататын. Алладан ұлының амандығын тілеп, оның жанына ертерек оралуынтөрт көзбен асыға күтетін. Бұл шаһарға ауылдан көшіп келгендеріне де екі айданастам уақыт боп қалды. Қазір он екі қабатты үйдің сегізінші қабатындағы екібөлмелі пәтерді жалдап ұлы екеуі ғана тұрып жатыр.

Шолпан ана өз өмірінде жеті құрсақ көтергенімен алғашқы үш баласы да қызбала еді. Бірақ балалары туыла салысымен көп өтпей бірінің соңынан бірі шетінепкеткен. Тек Алладан жалынып, жалбарынып жүріп зарыға тапқан төртінші баласы ұлбала болып, баланың есімін марқұм әкесі ырымдап Тоқтаған деп ат қойған. Құдайғашүкір, сол бала ал бүгін отыздың  белортасына да келіп қойды. Шолпан ана Тоқтаған атты ұлынан кейін де торсықтай екібала тапты. Біреуі қыз, ал біреуі ұл. Шіркін дәурен-ай деген. Содан бері деталай жылдар артта қалды. Асқар таудай отбасының тірегі де құлағалы қашан?Тіпті, Тоқтағаннан кейінгі қыз бала ол да өз ұясына ұшып кетті. Ол қазыр жатжұрттық, алыста тұрады. Анда-санда бір хабарласқандай болады. Ал Тоқтағанныңінісі, үйдің шаңырақ ұстар кенже баласы былтыр үйленіп алды. Ағасы болғанТоқтаған оғанда өз рұқсатын жолын берген-ді. Бірақ ол інісі қазыр бөлек отау,басқа қала да келін екеуі тұрып жатыр.

Шолпан ана төсегінде аунақшып бірде ойларының омбысына малтығады, бірдеарманының ақ шалмасын айға лақтырады. Дегенмен кеудесінің сол жақ тұсы сыздайбереді. Сыздамай қайтсін? Өткен күндерін қатты-қатты сағынатын. Сол шіркінауыл! Мұнарлы даласы-ай, таулары тұлғалы бабасындай, өзендері ақ еділанасындай, жайқалған бал-құрақтары баласындай ып-ыстық еді-ау. Бәрі арман, бәрікөз алдында көшкен бір керуендей сырғып өтіп барады. Ауылдағы ескі үйі жұмақмекеніндей сезілуші еді. Онда бәрі бар болатын. Талай ыстық пен суықты өмірдеқосқан асыл жарымен жарты ғасырды сонда өткізгенді. Білмеймін, сол бір ескіүйде бір үйлі жанның береке-бірлігі алынбас қамалдай болатын. Жұпыны өмір болсада, бүгінгідей көңіл күйлері жұтаң  сезілмейтін. Бірақ марқұм үйдің үлкен отағасыөмірден озғалы бұл шаңырақтың ырыс несібесі менбереке-бірлігі сәлде болсасетіней бастағандай. Бастарын қосып, берекемен айрандай ұйытып, ақылымен алғажылжытып отыратын қормал әкеден артық кім бар еді. Жарықтық жаны жайсаң,жалықпайтын еңбекқор жан болатын. Жанын жалдап жүріп бір үйлі жанды асырапбағып қанаттандырып кетті. Амал нешік? бірде бір ұрпағының қызығын көзітірісінде көре алмады. Ол кісі бақилық болып, топырағы жасырылған бір жылдансоң, марқұмның жылдық нәзірі өте сала үйдегі жалғыз ерке қыз да ұясынан ұшып,басқа біреудің қара шаңырағына барып құтты орнына қонған.  «Қыз бала жат жұрттық қой»  деп ана өзін жұбатумен жүрді. Ендігі өзектімәселе екі ұлдың басына үй, бауырына қазан асып беру, оң жағын қызартып қуанышкөрсем деп армандап жүрген аурушаң ананың тілеуі де көп ұзамай жеткен сыңайлы.

Сонымен не керек. Қыс ортасында кіші ұлы үйге қыз алып қашып келді.Құдай-ау, мынау бір ыңғайсыз уақыт болып қалды ғой. Қыс ортасында бәрі қысылыпқалды. Дегенмен ана оң жағы қызарып қалғанына бек қуанды. Қолда бар азын-аулақмал-сұлын сатып, қаражатының толмаған жеріне баніктерден несие алып жүріп, атшаптырым жердегі ағайын-туыс, ілік-жілік, құда-жекжаттың басын қосып ақдастарқанын жайды. Тамаша болмаса да шамаша боп тойы да жасалды.

Сол  қыс ауырақ тиді. Қаңтардың қақағанзаһарлы суығы әрбір жан иесінің өңменінен өте шыққаны шын. Қолдағы бар малдадалаға өз аяғымен барып жайылып келе алмайды. Үйдегі бар жем-шөпті там-тұмдапөлшеп шашқан болады. Қиыс шығыстан соққан жел ақ бұрқақтатып, аядай  төрт бөлмелі ескі үйдің ағаш терезелерінсалдырлатып, есік ашылса болды ындыны кетіп төрге ұмтылатын. Кейде қитұрқыланыпсоққанда тоқ жолдарын үзіп, мұқұм ауылды жарық шамсыз қалдыратын. Онысыздаинтернет атаулы дүние жоқ. Ал қолфонның сеті бірде дұрыс, бірде бұрыс болатындатұратын. Осындай күндерде іші пысып еріккендер мен зердесіз зеріккендер ұрыссыпқағысып жататын. Қыстың қысқа күні тез батқанымен, түнгі сарынның әуенісоншалық ұзақ болар ма? Түн баласы төсегінде жатқаныңмен таң атқанша кейдежамбасың тесілердей болып сыздайтыны шын ғой. Сондай сәттерде, күйіктеніп, жүдепқалатындар да қанша ма? Әне, солардың бірі Шолпан ананың қыс ішінде түскенкеліні еді.

Келін түскелі де зырлаған уақыт екі айдың жүзіне толған. Бастабында бәріжайма-шуақ сезілді. Күн өте күрделі кезеңдер торуылдай бастады. Бұл отбасынандаң-дұң, у-шу анық естіле бастады. Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайдыдеуші еді. Бірақ ыдыс-аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпегені абызал ғой. Әсіресе,жаңа түскен жас келіннің қолындағы дүниенің пәтуәсі кетіп, дырдуы көбейсеқиын-ақ. Бір күні таңғы ас ішейік десе, келін әлі орнынан тұрмаған. Төсегіндебырдай боп ұйықтап жатады. Осы тұста марқұм шалының үзеңгілес достарықарашаңыраққа бас сұғып, құран оқып қайтпақшы боп келіп қалады. Мынау шыныменыңғайсыз жағыдай болды-ау, "ә", Шолпан ана абыр-сабыр күйбеңге түсіп,шай қайната бастап еді, қонақтардың бірі:

– Әй, Шолпан, әлгі түсірген келіндерің қайда? Бір жаққа кеткен бе еді депқалды?

Шолпан ана сәл кідіріп барып жауап қатты.

– Жоға, — деді. Кешеден бері аздап аурғыштап қалды деп өтірік айта салды.Құдай-ау, әлі ұйықтап жатыр. Төсегі жиналмады десе, ұяттан өртеніп-ақ кететінтүрі бар. Атам қазақта: "Қойдың жауы кене, келіннің жауы ене" дегенқисынды тәмсіл бар еді. Қазір осы тәмсіл 180 градусқа бұрылып кеткен ғой. Бәрікерісінше, келінге келін болмасаң, күнің қараң деген ережеге бағынасың,таңыласың.

Бір жолы Шолпан ана, келінін орнынан ертерек тұрып, оны-мұны үй тірлігінжасауға үндеп еді. Ақыры арты ұрыспен ақырласқан. Содан бері оны орнынан ертеқозғауға қарт кемпірде қақысыз боп қалғаны бар. Аузы қисаймай  келін айтады екен: сонша суық күнде ертеқақшаңдап тұрып алып, таң атпай шайға суарылып отырасыңдар. Мен тумысымда сиырдыңемшегін тартып көрген пенде емеспін. Тіпті қора жаққа барсам, малдың көң тезегініңисінен мұрнымдағы  дертім қозғалып қаладыдеп есіп отырады. Ал, Шолпан ана ше?

– Әй, қарағым-ай! Бізде сендей жас болдық қой, бірақ, өмір бәрін өзіүйретті. Басыңа түссе баспақшыл болады екенсің. Адам деген үш күндк тозаққа даүйренеді. әрнәрсені ақырындап-ақырындап істей берсең, бәрін игеріп үйреніпаласың. Ұшу үшін қанат керек, білу үшін талап керек екенін естен шығармағанжөн. Кезінде тәңертең он сиырды сауып, табынға айдайтынмын. Ал түсте қоралықойдан мұншасын көгенге қосақтап тұрып, шелек-шелек сүт сауып алатынмын. Аллағашүкір, аузымыздан ақ үзілмеді. Марқұм шалым мына бір мақалды ылғи айтып отырушыеді: «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісіартық» деп сол ырыс та, несібе де табан ет, маңдай тердегі адал еңбекпенкеледі-ау. Дәл осы бір сөздерді келіні естігенде, құлағына түрпідей тиіпкететіні бар. Олда өзінше бұртиып, қас-қабағын түйе жауап қайтаратын.

– Немене? Анау істелді, мынау істелмеді. Общем мен шаршадым. Мына есекбайласа да тұрмайтын ескі ауылдан, тозығы жеткен үйден, үйден де үлкен пәлекетсөздеріңнен болдырып біттім. Көктем шыға бөлек отау шығамыз. Қалаға кетеміз.

Бұл келіннің кесірлі сөздерінің бірі ғой.Енді жақтырмаған бақсының демісасық болмасы бар ма? Шолпан ана бәрін аңғарып отыр. Жеті рет өлшеп, бір реткескенді жөн санайтын ананың ақылының астарын түсінбей, айдалаға ұлыйтындардыңісінің аяғы не болар екен.

– Е, қарағым! Қалаға барсаң да мейлі. Ол жерге барғанда байлыққа бата қаламдеп ойлайсыңдар ма? Ауыл деген өмірдің баспалдағы, алғашқы мектебің ғой. Осындаыстық пен суыққа бірдей шынығасың, ержетесің, үйренесің. Қалаға барған соң көшесыпырып жан бағу үшін де,қажырлық, ақыл, айла сынды бірдемелерің болмаса,күндерің бәрібір қараң-ау. «Алма піс, аузыма түс» дейтін заман жоқ.Зыр қағып жүріп бірін-біріне жеткізесің. Жан тыныштығын ойласаң, кедейшілік қамытымойныңа ілінер. Бүгінгінің қадыры сонда білінер. «Сөз сүйектен өтер, таяқеттен өтер» демекші, әсіресе, келін мен ене арасындағы сөз таластан асқанбақытсыздық жоқ шығар. Екеуі екі әлемнің адамы сияқты. Біреуі күнгей, біреуітеріскей болатта тұрады. Дегенмен ененің аты ене емес пе? Бір көйлек болса дабұрын тоздырған жан иесі. Көзбен көріп, көкейге түйгені де көп. Іштен шыққанбауыр еті баласының бақыты үшін әрдайым күйінері хақ. Шаңырағының оң жағынқызартып, қолым ұзарды-ау дегенде көрген қорлығы мынау. Ет жүректі пенде ғой,кеуде тұсы сыздап қалды. Талай жерден келіннің кесірінен кемсеңдеген көз жасынешкімге көрсетпей жасырып жүрді. Үлкенді сыйламайтын, сөзі көп, ісі аз.Былайша, көк инені көтіне түртпейтін жасану мен жарамсақтануды жаны қалайтынжалынсыз, жігерсіз жанның жаныңа салатын жарасы ең ауыр, ең ащы болары бар ма?Жақсы мен жаманды парықтап, оң, солын танымаса таңғалмаңыз.

Ана жолы енесі жұмыстармен қалаға түсіп кетеді. Түс мезгілінде ауылдағыүйіне алыстан қонақ келіп қалмасы бар ма? Шаршап, шөлдеп келген кісілерге біршаугім шайын терлеп-тепшіп жүріп құйып болған соң, келіні енесіне телефонжалғайды.

– Алло, алло, барсың ба?

– Иә, шырағым! Айта бер!

– Алыстан сенің бір нағашы туысқандарыңбыз дей ма? Бір қонақтар келді. Бірреткі шайын құйған болдым. Енді не істеймін. Қашан келесің дейді.

– Шай құйғаның жақсы болған екен. Енді, шырағым, шамаң келсе, үлкен қазанғатамақ аса бер, пісе берсін.

– А, мен қалай ет асамын. Білмеймін ғой.

– Мен айтып беріп тұрам, тез іске кіріс.

– Ал, холодильникті  аштым.

– Бірінші, қойдың жамбасын сал.

– Ол қайсы енді, мен танымаймын. Басқа ше? Бірдеңеге ұқсатып айтшы.

– Жамбас дегеніміз аспандағы самолетке ұқсап қалатын сүйегі бар ет.

– А, анау ма? Тағы қайсын?

– Енді асық жілік деген етті алшы?

– Ол қайсы енді? Мұнда жілік көп...

– Жілік сүйегінің басында жалғасқан кішкентай асығы бар.

– Мұнда көп етті сүйектер бар екен. Оны табатын емеспін.

Жә, сол етті сүйектеріңнен біреуін салшы. Ет жеген сайын жілікті шағып,ішіндегі майды тоқтатпаушы едіңдер. Оны білмей қалғаның жарамады.Сосын, қойдыңбасын қосып ас.

– Ой, мұнда екі қап-қара  малдың басытұр ғой. Қайсысы қойдікі, қайсысы ешкіні енді.

– Ойбу, анықтап қарасаңшы енді. Ойлан, бір рет тоқал тоқты сойдық. Алартынан қайқы мүйіз қара ешкіні сойдық қой. Екі басты енді салыстырып көр.

– М. Мүйіздері бар ма? Жоқ па?

– Тауып алсаң, енді, екі-үш тал қабырға қосшы.

– Па, қабырғасы қайсы енді? Миым ашып кетті .

– Е. Ана жолы ғана сол қабырға алдыңнан шығып еді. Ет жеп отырғаныңда соныңбір шандыр сымағы тісіңнің қуысына қыстырылып қалмап па еді. Артынан мына бірхоккейдің таяғындай неменің шандыры-ай деп өкпелегенің есіңнен көтеріліп кеткенбе?

– А. Айтпағың сол ма еді. Жә, бәрі ет қой. Қазаның толғанша салайын.

– Болды. Сен не былықтырар екенсің. Қонақтарға  дұрыстап сыйлы сыбағасын тартуымыз керек еді.Менде қайтам қазір.

– Онда, тезірек кел! Не де болса күте тұрам. Қазаныңа ет салмайым.

– Мейлі өзің біл. (Шолпан ана, сөзінің соңын айтар айтпастан ренішті күйдетез жаба салды)

Е, мынау енді қызық па, қырсық па білмейміз. Шолпан ана сәл тосылып қалды.Қысылып, қынжылғанда бір жағынан шығып көмектесетін келіннің түрі мынау, біркем дүние-ай деп ауыр күрсініп алған еді. Бірақ Шолпан ана келінге келін бопжүр. Жас қой деп аяйды. Білмегенін барынша үйреткен болады. Ал оны ол түсініпжатқаны шамалы. Кейде үндемесе балақтағы биіттің өзі басқа өрлейтіні бар ғой, өзіде сескеніп қалады. Оған ауыр сөз айтудан құдай сақтасын. Сабырлықты серікетіп, саналы жұмыс жасауға сынап бағады. Қазыр қанша ма? жастар ажырасып, айырлысыпжатыр, үйленгендерден ажырасқандардың саны басымырақ боп барады. Жетім менжесіріміз көп. Қаптаған қарттар үйі мен қараңғы торлы тас түрмелерімізадамдарға лық толы.

Шолпан ана Аллаға алақанын жайып, мінәжат етумен келеді. Еліне есендік,жұртына тыныштық, отбасына ортаймас береке-бірлік тілейді. Бірақ «бір қарынмайды, бір құмалақ шірітеді» деп атам қазақ тегін біліп, текке айтпасакерек. Келіннің қыстайғы әлегі отбасындағы адамдардың жүйе-жүйкесін жұқартып,қынжылтып болды. Сонымен, сәл шыда, аялдай тұр деп әзер тоқтатып келген ұл менкелінді қар еріп, күн жылына бастаған көктемнің наурыз айының басында-ақ бөлекотау етіп шығарып тастаған. Олар жүген құрықтары алынған аттай қуанып, бірденқалаға көшіп кеткен. Ақыры ауылда үлкен ұлы Тоқтаған екеуі ғана қалған. Тоқаңкүндіз жұмысқа кеткенде, Шолпанды көрші-қолаң араласатын құрбы-құрдастары үйіне шақырып, бірге әңгіме құрып бір шәугімшайларын бөлісіп ішетін. Сөйтіп, жүрегі жаралы ананың көңілін аулап, көмекқолдарын бәрі созып тұратын. Марқұм шалының орны деп қара шаңыраққа құран оқыпкететіндердің де аяғы тиылмайтын. Үйге қонақ келсе, арқа-жарқа боп ақтарылыпбір кеңіп қалатын.

Бір күні үлкен ұлы Тоқтағанда  қалағакөшуге қолқа салды. Ауылдан істейтін жұмыстардың да жайы белгілі. Қолдағыазын-аулақ малды сатып, тиын-тебен құрап, бірер жыл қаладан кәсіп істеп солжаққа тұруға бекіді. Қазірше үйді сатпай тұра тұруға келісті. Соңғы шешімбойынша ауылдағы үйді көршісіне тапсырып, бір-ақ түнде қалаға аттанып кетті.

Е, уақыт деген бір жүйрік су секілді, ақса жеткізбейтін дүние ғой. Соданбері міне арада екі айда сып ете қалған. Қаладағы тірлікке Шолпан анада көпкөндіге алмай келеді. Кеудесін сыздатқан сағыныштан басқа не бар еді. Қаладағыөмірі тыныш болса да, төрт қабырғалы дүниеге таңылып отырғандай күй кешеді.Жастайынан тірліктің тырбыңын көріп, еңбектің қызыл майданында шыныққан жанғатыныш отырудың өзі үлкен азап сияқты сезілетін. Шіркін, ауылда болса, ертетұрып от жағып, су әкеліп, сиыр сауып, бұзауын арқандаудың өзі де денсаулығынакөп пайдасын тигізіп алтын уақыты құр өтпегендей-ақ болатындай. Ал ауылдыңбірер адамын сыртынан көріп қалса да, көңілі жібіп мейірлене қалатындай, тіпті,кейде таң бозынан шырылдаған торғайлар мен әтештердің шақырған дауысын өзіқұлаққа жағымды әуендей болады да тұрады.

Кенет, есік қоңырауы безілдей жөнелді. Ұйқысыз  ойларға омалып алаңдаулы жатқан ана, өзойларынан селт ете қалды. Орыннан ілби басып барып есікті ашты. Үсті -басышаң-тозаң беті-аузын айғыздалған тер іздері тілгілеген ұлы келгенін көріпжүрегі орнына түскендей болды.

– Балам-ау, тым кеш келдің ғой.

– Иә, мам, әлі ұйықтамағансыз ба?

– Саған алаңдап, қарғам! Қалада жақын ешкімің жоқ. Түннің жарымына дейін жоғалсаң қайтем?

– Па, мам, қалаға да үйірлесіп қалдым. Есік-тесігін жамаймын әлі. (Анасыныңкөңілін аулау үшін қоларын сәл қысып, бір күлімсіреп алды). Бүгін шетелден біразтаварлар келді соны түсірдік.

– Шаршаған шығарсың, жарығым! Анда қазанда тамағың тұр, ысытып жей ғой.Жуынып-шайынып ап, деміңді ал. Төсегіңді сап қойдым. Шіркін, ананың мейіріненасқан мейрім бар ма? Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік тербететін, қанаттығақақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіретін аналар-ай, міне, бүгін де сол ұрпағыүшін өзінің адал ниетінен айырлмаған. Ол үшін күйінеді. Ал ата-анасы үшін, оныңақ сүтінің қарыздарын өтеу жолында әрбір ұрпақтың не істеп, не қойып жүргендеріөзіне аян.

Қалаға келгелі пілдей салмақтың бір өзіне түскенін білген үлкен ұлыТоқтағанның да жар құлағы жастыққа тимей-ақ жүр. Онысыз да  шақшадай басында шарлаған армандары да қаншама? Әйтеу, жұмыс көп, ұйқы аз. Үйде күндіз көп бола бермейді. Осы тұста әринеанасының жалғыз сопайып қалғанын көргенде, жаны ауратын. Әттең, ақ анасынбағатындай, ақылына көркі сай, сабырлы сүйген жанымды ертерек кезіктірсем ғойдеп жалғыз-ақ Рәббісінен сұранатын. Балам қызығыңды көрсет деп анда-мұндатүртпектеп қозғап қалғанда, жерге кірердей ұялып қалатын. Бірінші кезектежанына қорған болатын сүйікті жар табу; екіншіден жұмысын жақсы істей жүріпқаржы жинау, той жасау; үшіншіден квартира жалдап тұра бермей үй сатып алусынды бірнеше кезеңдік жоспарда құрған. Бұл Тоқаңның ішкі есебі болатын.

Е, өмір-ай деген, атадан алтау тусаң да, аздық етер заман-ай! Тірі адам тіршілігінкөру керек. Кешегі ауылдан көшіп келгендегі түпкілікті мақсатты осында. Болашақжастардың қолында дейміз. Жаһандану дәуірінде ғылым-техникадан, білімнен жұрдайадамдардың қоғам көшіне ілесіп жан бағуы да мүшкіл болары ләзім. Ел көшініңсоңына қалмайық. Ертеңгі ұрпағымыздың болашағы үшін деп ертерек орындарынанқозғалып, қалаға жеткендегі  ойының жайжапсарын біреу түсінсе, біреу түсінбес.

Көпті көрген Шолпан ана да, ауылға деген махаббатын, сонда өткен ыстықкүндерінің бәрін қиып, қалаға көшем деген ұлының бетінен қақпай, белін будырды.Өмірдегі  төрімнен көрім жақын мен бірпақырмын. Қанша су ішерім қалғанын бір Алла ғана біледі. Сонау мұнарлы даладанмұнаралы қалаға қоныс аударып келгенімізде, сендер адам болып, өсіп-өніп,бай-қуатты тыныш өмір сүрсеңдер менде дүр марқайып қалам деген ананың әр жолғыақылнамасы ұлына ақжол нұсқап, сәулесін төгіп тұратын.

P.S: 18 мың ғаламныңиесі, жаратушы жалғыз хақ, шексіз мейрімді, жомарт та кешірімді РәббімізТоқтаған сынды бір ұлдың тағдырын осы өмірге тоқтатып әкелгені шын болса,сабырлық пен мінәжат жасаған сол пендесіне ертең-ақ үйіп-төгіп жақсылығынберері хақ. Тоқтаған опалы ұрпақ. Ол жаннат анасының аяғының астында екенінбіледі. Ол үмітін еш үзіп көрген жан емес.

Таң атып келеді. Тас қаланы күңірентіп азан дауысы естілді.

 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега