Қоғам

Nvidia Хуангты бас директор қызметіне қайта тағайындаудан бас тартты

Америкалық Nvidia компаниясының директорлар кеңесі Дженсен Хуангты бас директор лауазымына қайта тағайындауды жоспарлап отырған жоқ.

Фото: EPA/RITCHI B. TONGO

Бұл туралы басқарушы органның төрағасы Харви Джонс мәлімдеді.

Ол компанияның үшінші тоқсандағы қаржылық есебіне арналған онлайн-конференцияда директорлар кеңесінің ұстанымын жеткізген.

"Nvidia директорлар кеңесі оның (Хуангтың) отставкасын бірауыздан қабылдады және оны бас директор қызметіне қайта тағайындауды көздеп отырған жоқ", – деді Харви Джонс.

Сайт Әкімшілігі