Қоғам

Nvidia инвесторлары компания басшысы Дженсен Хуангты сотқа берді

Nvidia компаниясының бірқатар инвесторы бас директор Дженсен Хуанг пен компания басшылығына қарсы ұжымдық талап-арыз түсірді.

Фото Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Олар акционерлерге ұлттық қауіпсіздікке қатысты ықтимал тәуекелдер туралы толық ақпарат берілмеген деп есептейді. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Талап қоюшылар компания басшылығы аталған тәуекелдерді жасырды деп санап, келтірілген шығын үшін өтемақы талап етіп отыр. Алайда оның нақты мөлшері әзірге белгіленбеген.

Инвесторлардың наразылығына Дженсен Хуангтың Megaspeed компаниясының атқарушы директоры Элис Хуангпен байланысы себеп болған. АҚШ арнайы қызметтері әйелді Қытай барлау қызметімен байланысы бар және экспорттық шектеулерді айналып өтуге көмектескен болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Осы оқиғалар аясында Nvidia акциялары бір тәулікте 6 пайызға арзандаған. Ал компанияның нарықтық капитализациясы шамамен 300 млрд долларға қысқарған.

Сайт Әкімшілігі