Нью-Йоркте қазақстандық марафоншы Ғани Стамбек жарысты Жыланбаевқа арнап, бостандық сұрады
Нью-Йоркте өткен жарыс кезінде қазақстандық марафоншы Ғани Стамбек белсенді Марат Жыланбаевты қолдап, оған бостандық беруді талап етті.
Ол жарысты дәл осы Жыланбаевқа арнағанын айтып, Қазақстандағы саяси қудалауларды тоқтатуға шақырды.
Айта кетейік, Марат Жыланбаев – әлемдегі ең ірі шөлдерді жүгіріп өткен бірегей марафоншы. Ол 7 мәрте әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Сонымен қатар Жыланбаев оппозициялық белсенді ретінде де белгілі. Ол «экстремистік ұйым қызметіне қатысты және оны қаржыландырды» деген айыппен 7 жылға сотталған.