Ө.Шөкеев: Адам шығыны жоқ, мал-жан аман (видео)
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында адам шығыны жоқ, мал-жан аман. Мұндаймәлімдемені бүгін облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев жасады.
Облыс әкімінің айтуынша, Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба суқоймасындағы апатқа байланысты Қазақстанға келетін каналға 300 миллион текшеметр су тасталған. Алдағы уақытта су басу қаупі бар тағы төрт елді мекенніңтұрғындары көшірілуі мүмкін. Көшіру жұмыстары ұйымдасқан түрде жүргізіледі.Елді мекенде қалған дүние-мүлік күзетіледі.
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,
Түркістан облысы