Облыстық «Полиглот» байқауының үздігі анықталды
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментіазаматтық қорғау саласындағы қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын тойлау және үш тілді жетік меңгерген азаматтық қорғау саласының үздік қызметкерін анықтау мақсатында облыстық «Полиглот» байқауын өткізді.
Байқауға 12 қызметкер өтінім білдіріп, финалда 10 үміткер өзара бақ сынады. 3 кезеңнен өткен байқауда қызметкерлер «Тәуелсіздік-тірегім» тақырыбында бейнеролик түсіріп, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» тақырыбында мақала жазып, БАҚ құралдарына жариялап, Тәуелсіз Қазақстан жайында сұрақтарға жауап берді. Байқауға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Е.Т.Сарыбаев.Түркістан қаласы әкімдігі «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Р.А.Шерова, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Оразбаева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеу бөлімінің басшысы А.Б.Сұлтан, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобының бас маманы Г.С.Серік қазылық етті.