Саясат

Олеся Кексель үй қамаққа алынды – Бас прокуратура

Бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары болған Олеся Кексельге азаптау ісі бойынша күдік келтірілді.

Фото: ашық дереккөз

 Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев хабарлады.

Оның айтуынша, соттың санкциясымен Кексель екі айға үй қамаққа алынды.

Кексель бұрын экс-премьер Серік Ахметов пен экс-министр Қуандық Бишімбаевтың істерін қадағалаған. Сондай-ақ, 2018 жылы Бас прокуратураның арнаулы прокурорлар қызметін басқарған.

 

 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Кексель