Қоғам

АҚШ әскері Оман шығанағында сауда кемесіне оқ атты

Оман шығанағында АҚШ әскери күштері Иран порттарына қойылған блокаданы бұзуға әрекеттенді деген күдікке ілінген сауда кемесіне оқ атты.

Фото: ашық дереккөз

АҚШ қарулы күштерінің мәліметінше, кеме бірнеше мәрте жасалған ескертулерге бағынбаған. Осыдан кейін әскери күштер кеменің қозғалтқыш бөлігін нысанаға алып, соққы жасаған.

Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленіс әлі де бәсеңдер емес. АҚШ Иранның әскери инфрақұрылымына соққы жасап жатқан кезде, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Парсы шығанағындағы америкалық әскери базаларға шабуыл жасауда. Екі тарап та бір-біріне бұдан да ауқымды соққылар жасау қаупін айтып отыр.

Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, қақтығыстың ушығуына байланысты Ормуз бұғазында 6 мыңға жуық теңізші кемелерде қалып қойған.

Сайт Әкімшілігі