Қоғам

Оңтүстік Корея Ресей ұшақтарының әуе қорғанысы аймағына кіргенін хабарлады

Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

Фото: ашық дереккөзден

Оңтүстік Кореяның Біріккен штабтар бастықтары комитеті Ресейдің әскери ұшақтары елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің тану аймағына қысқа уақытқа кіргенін мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, ресейлік ұшақтар кейін аймақтан шығып кеткен. Олар Оңтүстік Кореяның әуе кеңістігін бұзбаған.

Әуе қорғанысының тану аймағы елдің ұлттық әуе кеңістігіне кірмейді. Ол шетелдік ұшақтарды анықтау және олардың өздерін таныстыруын қамтамасыз ету үшін белгіленеді. Мұндай жүйе әуе кемелерінің кездейсоқ соқтығысу қаупін азайтуға бағытталған.

Басылымның жазуынша, Ресей мен Қытай Оңтүстік Кореяның KADIZ аймағына қатысты юрисдикциясын мойындамайды. Олар мұндай талапқа халықаралық құқықта негіз жоқ деп есептейді.

Сайт Әкімшілігі