Қоғам

Оңтүстік Кореяда құрылыс жұмыстары кезінде Қазақстан азаматы қаза тапты

Оңтүстік Кореяда құрылыс нысанында жұмыс істеген Қазақстан азаматы қаза тапты. Қайғылы оқиға 29 қыркүйекте болған.

Фото: vseokoree.com

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазақстандық азамат ғимараттың 23-қабатында жұмыс істеген. Жұмыс кезінде бетон төбенің бір бөлігі опырылып, ер адам үйінді астында қалған.

Оқиғаға байланысты Корея тарапынан тергеу басталды.

Қазақстанның дипломатиялық өкілдері марқұмның отбасы мен жақындарына қажетті консулдық және құқықтық көмек көрсетіп жатыр.

Сайт Әкімшілігі