Өңірге келген мамандарға үй беріледі
Алыс өңірлер мен аудандарға тек қана ауыз су, жол басқа да инфроқұрлыммен қатар аса қажетті сала мамандары керек.
Өңірлердің дамуына сапалы білім мен денсаулық саласының мінсіз болуы кепіл.Атырау облысының әкімдігі 390 млн.теңгеге қызметтік үйлер сатып алмақ. Бұл баспаналар лауазым иелеріне емес, әлеуметтік сала қызметкерлеріне беріледі делініп отыр. Атап айтсақ, көлемі кемінде 70 шаршы метрді, ал құны 13 млн.теңгені құрауы тиіс отыз пәтер Құрманғазы ауданының мұғалімдеріне, дәрігерлері мен полицейлеріне, спортшылары мен мәдінмет саласында еңбек етіп жатқандарға ұсынылмақ.-Сатып алынған пәтерлерді жекешелендіруге болмайды, егер қызметкер жұмыс орнын немесе қызмет орнын ауыстырса, тұрғын үй әкімдік балансында қалады, — деп нақтылайды Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз ШАЯХМЕТОВ.Қазір жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі қызметтік тұрғын үй сатып алуға тендер жариялап отыр. Жоспар бойынша, барлығы 30 пәтер мен 15 екі пәтерлі үй сатып алу жоспарлануда.Белгілі болғаны, аудандардағы баспана мүмкіндігінше қат болып тұрған мамандық иелеріне беріледі. Келіп түскен ұсыныстарды арнайы комиссия қарайды. Әзірге аудандағы он төрт округті тұрғын жаймен қамтамасыз ету арқылы қажет маманмен толықтыру көзделген.-Әрине, 3-5 млн.теңгеге пайдаланылып отырған арзан пәтерлерден алуға болар еді. Бірақ, ескі үйлердің тозып тұрғасын көп жөндеуді қажет ететінін, алған адамдардың сол үшін қайтадан қаржылай көмек сұрап жүргенін көріп жүрміз. Сондықтан, не болса да жаңа үйлерден алмақпыз, — деген аудан әкімі өз қаражаттарына тұрғын үйлер салып жатқан жергілікті кәсіпкерлерді тендерге қатысуға шақырды.Мұнайлы өңір басшылығы мұндай қадамға жайдан жай барып отырған жоқ. Облыста кейбір әлеуметтік сала қызметкерлері жетіспейді. Бұған дейін де түрлі бағдарламалар аясында дәрігерлер мен педагогтар шақырылып, үймен қамтылған еді. Биылғы дерек бойынша, бүгінде аймаққа денсаулық сақтау саласының 105 маманы мен білім беру жүйесінің 528 қызметкері қажет болып тұр.Фото: azattyq.org