Өңірлердегі блок-бекеттер әзірге алынбайды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар менқызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтіңайтуынша, өңірлер арасындағы блоек-бекеттер әлі алынбайды.
"Қалаларарасындағы блоек-бекеттер сақталады. Бүгіндері біз оларды алып тастаудыжоспарлап отырған жоқпыз. Мысалы, қазір КВИ жұқтырушылар Шымкент қаласы жәнеАтырау облысында көптеп тіркеліп жатыр, ал қазір карантиндік шараларжұмсартылып, блоек бекеттер алынса, онда дерт Шымкенттен Түркістан облысына, алАтырау облысынан көршілес аумаққа тасымалданып кете барады", — дедіСұлтанғазиев Facebook желісіндегі онлайн-брифингте.
Сонымен қатар, күн тәртібінде қалалар арасында автомобильдердіңжүрісіне рұқсат беру мәселесі де қарастырылмайды.
«Ондаймәселені қарастырып жатқан жоқпыз. Бүгінде адамдар көптеп аймақтарға көлікпенқатынай бастаса, онда біз оның қайда, кіммен байланыста болғанын білмейміз.Сондықтан ондай үлкен тәуекелдерге бас тігу біздің жоспарда жоқ», — дедіТауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігі комитетінің басшысы.