Өңірдегі өзгеріс немесе өмір сапасы мен өсім
Соңғы жылдары Алматы облысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының маңызды орталықтарының біріне айналып отыр. Географиялық тұрғыдан стратегиялық аймақта орналасқан өңір мегаполис Алматыға жақындығы, көлік-логистикалық әлеуеті және ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларының қатар дамуы арқылы ерекше рөл атқарады.
Облыстың даму динамикасы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-саяси тұрақтылық, әлеуметтік инфрақұрылымның жаңаруы және демографиялық өсіммен де сипатталады. Осы бағыттағы негізгі басымдықтар туралы пікір білдіретін өңір басшысы М. Сұлтанғазиев аймақты кешенді әрі теңгерімді дамыту қажеттігін үнемі атап өтеді.
Қоғамдық-саяси тұрақтылық – дамудың негізгі тірегі
Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жалпы алғанда тұрақты. Бұл – мемлекеттік басқару жүйесінің біртіндеп жаңарып, қоғаммен өзара байланыстың күшеюінің нәтижесі. Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтық пен есептілік қағидаттары күшейтілуде. Азаматтардың өтініштерін қабылдау мен қарастырудың цифрлық форматқа көшуі басқару тиімділігін арттырды. Электрондық платформалар, қоғамдық қабылдаулар және ашық диалог алаңдары халық пен билік арасындағы байланысты бұрынғыдан да жақындатты.
Алматы облысы әкімінің пікірінше, тиімді басқару жүйесі тек әкімшілік шешімдерге емес, халықпен тұрақты кері байланысқа негізделуі тиіс. Сондықтан жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті – азаматтардың нақты сұраныстарына жедел әрі сапалы жауап беру.
Сонымен қатар азаматтық қоғам да дами бастады. Жастардың белсенділігі артып, еріктілер қозғалысы мен қоғамдық бастамалар әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосуда. Бұл факторлар өңірдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етуде.
Әлеуметтік даму және демографиялық үдеріс
Қазіргі таңда өңірдегі демографиялық динамика көңіл қуандырады. Табиғи өсімнің жоғары деңгейде сақталуы – жас отбасылар үлесінің көптігімен және туу көрсеткішінің тұрақтылығымен байланысты.
Сонымен қатар ішкі көші-қон үрдісі де маңызды фактор. Ауылдық жерлерден аудан орталықтарына және ірі қалалар маңына қоныс аудару артып, халықтың кеңістіктік орналасу құрылымы өзгеруде. Бұл үдеріс урбанизацияның қарқынды дамуына әкеліп, жаңа тұрғын алқаптардың пайда болуына ықпал етуде. Соның нәтижесінде инфрақұрылымдық жоспарлау, тұрғын үй құрылысы және әлеуметтік нысандар салу қажеттілігі артып отыр.
Әлеуметтік саладағы өзгерістер халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған кешенді реформалармен өлшенеді. Бұл тарапта білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй инфрақұрылымы – негізгі басым бағыттар қатарында.
Осыған сәйкес өмірде соңғы уақыттарда білім беру жүйесінде жаңа мектептер салу, орын тапшылығын азайту және цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жалғасын табуда. Бұл шаралар білім сапасын арттырумен қатар, оқушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қоса Алматы облысында денсаулық сақтау саласында да тың серпін байқалады. Мысалы ауылдық аймақтарда медициналық қызметтердің қолжетімділігі кеңейіп келеді. Сондай-ақ жаңа емдеу мекемелері ашылып, кадр тапшылығын азайтуға бағытталған бағдарламалар іске асуда. Бұл ең әуелі халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін арттырады.
Өңірде жандануі тиіс салалардың бірі – тұрғын үй және инфрақұрылым саласы. Бұл бағытта да айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Мысалы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, жалдамалы және қолжетімді баспана бағдарламаларын кеңейту жұмыстары қолға алынды. Бұл өз кезегінде әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Мұнымен қоса, ауыз су, жол, электр және инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Қай өңірде болса да демографиялық өсім еңбек нарығына тікелей әсер етеді. Әсіресе жастар үлесінің жоғары болуы еңбек ресурстарының артуына мүмкіндік береді, алайда жұмыс орындарының жеткіліктілігі болуы да маңызды мәселе.
Осыған байланысты өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға және инвестиция тартуға көңіл бөлініп келеді. Мұндай бастамалар жаңа жұмыс орындарын құру арқылы еңбек нарығындағы тепе-теңдікті сақтауға септеседі.
Соңғы уақыттарда көші-қон балансын сақтау маңызды түйткілге айналды. Ішкі миграция нәтижесінде қала маңындағы аймақтарда халық тығыздығы артып, әлеуметтік инфрақұрылымға түсетін жүктеме арта түсті. Сондықтан аумақтық жоспарлау жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындауда.
Демографиялық тұрғыдан алғанда Алматы облысында халық санының тұрақты өсуі байқалады. Табиғи өсім мен ішкі көші-қон нәтижесінде урбанизация үдерісі күшейіп, елді мекендер кеңейіп келеді. Бұл жағдай, бір жағынан, инфрақұрылымға салмақ түсірсе, екінші жағынан, экономикалық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.
Аймақ басшылығы бұл үрдісті қадағалап, реттеуге болатын даму үдерісі ретінде қарастырып, инфрақұрылымдық жоспарлау демографиялық өсіммен қатар жүруі қажет екенін атап өтті.
Аймақтың экономикалық әлеуеті неде?
Өңір экономикасы көпсалалы құрылымымен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және логистика негізгі даму драйверлері саналады.
Ауыл шаруашылығы саласында өнімділікті арттыру, суармалы жерлерді тиімді пайдалану және заманауи технологияларды енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды қадамдар.
Олбыстағы инвестициялық саясат жаңа өндіріс орындарын ашуға және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Индустриялық аймақтардың дамуы өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндік ашуда.
Көлік-логистика саласында халықаралық транзиттік бағыттардың маңызы ерекше. Алматы облысы бұл мүмкіндігін де ұтымды пайдаланып отыр. Автожолдар мен теміржол инфрақұрылымын жаңарту өңірдің транзиттік әлеуетін күшейтіп, экономикалық өсімге қосымша серпін беруде.
Ендігі бұл бағыттағы басты мақсат – өңірді тек өндірістік емес, сонымен қатар инвестициялық және логистикалық орталық ретінде дамыту.
Жалпы алғанда, әлеуметтік-демографиялық даму үрдісі өңірдің болашақ келбетін айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Халық санының өсуі – тек статистикалық көрсеткіш емес, ол әлеуметтік саясаттың тиімділігі мен экономикалық мүмкіндіктердің кеңеюі. Демографиялық өсімді дұрыс басқару, инфрақұрылымды теңгерімді дамыту және еңбек нарығын тиімді ұйымдастыру – тұрақты дамудың негізгі шарты.
Бүгінде өңір тұрақты даму жолына түскен, әлеуметтік инфрақұрылымы жаңарып келе жатыр. сонымен қоса демографиялық әлеуеті жоғары аймақ. Жүргізіліп жатқан реформалар қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға, әлеуметтік саланы жаңғыртуға және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған.
Алматы облысының алдына қойған негізгі мақсаты – халықтың өмір сапасын арттыру, теңгерімді даму моделін қалыптастыру және ұзақ мерзімді тұрақты өсімді қамтамасыз ету.
Алдағы кезеңде өңір цифрлық трансформация, инвестициялық белсенділік және инфрақұрылымдық жаңғырту арқылы жаңа сапалық даму деңгейіне көтерілуді көздеп отыр.
Жігер Әшім
Алматы облысы