Өңірлерде дәнді дақылдардың 75%-ы жиналды
Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен егін жинау науқаны бойынша жедел штабта жиын-терімді үздіксіз жүргізу үшін фермерлерді барлық қажетті құралдармен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Ауа райының қолайлы болуының арқасында 27 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлерінде 13 млн га жуық алқап немесе 75%-ы жиналды. Егін жинау науқанын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Алда – майлы дақылдарды жинау жүргізілуде.