Оңтүстік Кореяда шекарада қашып кеткен екі отандасымызға үкім шықты
Заңгер Мейірман Шекеев Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайынан қашып кеткен екі қазақстандыққа үкім шығарылғанын хабарлады.
Екі қазақстандық бас бостандығынан айырылмайды, бірақ Оңтүстік Кореяда айыппұл төлеп, Қазақстанға оралады.
«Екеуі де 3 жылға қамалмайды, Кореяға айыппұл төлеп, елге оралады. Дұға еткен баршаға алғысым шексіз. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ еліміздің Кореядағы консулдарына ерекше алғыс айтамыз. », — деді заңгер Мейірман Шекеев.
Айта кетейік, 25 наурызда Кореяға 2002 және 2005 жылы туған екі қазақстандық келеді. Алайда құжаттарында ақау болғандықтан кеден қызметкері оларды елге кіргізбей, депортациялау үшін күту залына жіберген. Олар рейс күтіп тұрған кезде әуежайдың ұшып-қону жолағы жанындағы үш метрлік қоршаудан асып өтіп, қашып кеткен.
Олардың бірі Нұрсұлтан Ырысбаев, ал екіншісі Умижан Нарзуллаев. Кейін Умижан Нарзуллаев (2002 жылғы) Тэджон қаласында ұсталды. Екінші қазақстандықты ұстап берген адамға Корея билігі 10 млн ақшалай сыйақы тағайындады. Нұрсұлтан Ырысбаев кейіннен полицияға өзі барды.