Саясат

Оппозиция жау емес...

Қазақстанда парламенттік оппозиция туралымәселе көтеріліп, оны арнайы заңдастыру енді қолға алынып жатса, бұл демократиялықелдерде бұрыннан дәстүрге айналған саяси құбылыс.

Jasalash.kz

Оппозиция (латынша opposіtіo – қарсы тұру, қарсылық білдіру) – өз көзқарасын, саясиұстанымын басқа  саяси көзқарас пен ұстанымға қарсы қою, қарсы әрекет жасау;билеуші элитаға қарсы тұратын саяси күштерді (көшбасшы, партиялар, қозғалыстар)білдіреді. Оппозиция шынайы саяси бәсекелестік жағдайында дамиды, негізінен, екіпартиялықнемесе көппартиялық жүйелерде көрініс табады. Мысалы, классикалық екіпартиялықелдер саналатын АҚШ-та республикалық және демократиялық партиялар,Ұлыбританияда консерваторлық және лейбористік партиялар үнемі саясибәсекелестік жағдайында әрекет етіп, сайлау барысында алма-кезек жеңіске жетіпотырады. Өзге де демократиялық елдердегі көппартиялық жүйелерде билеушіпартияға қарсы салмақ болатын оппозициялық партиялар жұмыс жасауда. Тіптенбірнеше оппозициялық бағыттағы партиялар күш біріктіріп, коалиция құрып,ықпалды саяси күшке айналып жатады. Яғни оппозицияның болуы қалыпты құбылыс, олдемократияның шарты десек те болады.

Итальяндық белгілі элитолог-ғалымВильфредо Парето «элиталардың циркуляциясы» деген ғылыми ұғымды айналысқаендірген. Оның мәні – қоғамда саяси элитаның екі түрі болады: біріншісі – биліктіқолына алған билеуші элита, екіншісі – оған қарама-қарсы, биліктен үміткерконтрэлита, бұл екеуі саяси бәсекелестік негізінде билік үшін күреседі. Контрэлита– ол оппозиция. Егер билеуші элита халықтың сенімінен айырылып, легитимдігінжоғалтып, сайлау алдында берген уәделерін орындай алмай беделінен айырылса,онда келесі сайлауда жеңіліс табады. Контрэлита болса дамудың тиімді балама жолдарынұсынып, саясатта жіберілген қателіктерді көрсетіп, орын алған кемшіліктердітүзету міндетін мойнына алып, халықтың қолдауына ие болады, сөйтіп, кезектісайлауда анық басымдықпен жеңіске жетеді. Нәтижесінде бұрынғы билеуші элитажеңіліс тауып, контрэлитаға айналады, ал кешегі контрэлита жеңіске жетіп, бүгінгібилеуші элитаға айналады. Сапалық қасиеттері мықты (саяси ерік-жігері күшті, тыңидеялы, отаншыл, ұлтжанды, табанды, білікті, іскер, өз ісіне адал) жаңа саясиэлита тарих сахнасына шығады. Осылайша элиталардың ауысуы циклдық айналымғатүсіп, элиталардың циркуляциясы жүреді. Егер де билеуші элита қолындағы билікпен әкімшілік ресурсты пайдаланып, элиталардың циркуляциясына тосқауыл жасап,контрэлитаның билік үшін күресуіне жол бермейтін болса, онда бұл әлеуметтіктәртіпті бұзады, ондай қоғамда даму болмайды. Саяси элита өзгеріп, оның құрамыауысып, жаңаланып отырмаса, елде тоқырау болады, саяси жүйе жемқорлық,тамыр-таныстық, кландық-топтық мүдделердің әсерінен іріп-шіріп, құлдырайды.  В.Парето «Адамзат тарихы – элиталардың алмасутарихы» деген екен.

Бізде оппозицияға қатысты дұрыстүсінік қалыптасуы керек. Оппозиция – жау емес, ол саяси бәсекеге түсуші,жасампаз балама даму жолдарын ұсынушы, билеуші партияның, билік басындағыэлитаның жіберген түрлі қателіктерін қалт жібермей бақылап, орнымен сынап отыратын,ұлттық мүдделерді қорғау мен елді дамытуға үлес қосқысы келетін саяси күш. «Сырткөз – сыншы», сын түзелмей, мін түзелмейтіні айдан анық. Белгілі бір елдегіоппозиция өкілдері сол елдің азаматтары, олар да өзінің Отаны үшін, кіндік қанытамған туған жерінің мақсат-мүддесін қорғау үшін күресетін  патриоттары. Билік пен оппозицияныңқарым-қатынасында елдің ұлттық мүдделері, мемлекетшілдік ұстаным басты орында тұруышарт. Билеуші элита биліктен айырылып қалудан қорқып, тар топтық-эгоистік мүдделерінмемлекеттік, ұлттық мүдделерден жоғары қоймауы керек.

Ал шынайы оппозицияның болуымен қызмет етуі көптеген жағдайлар мен шарттарға байланысты (адамның саясиқұқықтары мен бостандықтары сақталуы, шыншыл саяси бәсекелестік жүруі, әділсайлау өтуі, нағыз көппартиялық жүйе болуы т.б.). Осындай шарттар сақталсанағыз оппозиция туындайды. Ал басқадай болса, В.Парето айтқандай, элиталарциркуляциясы жүзеге аспайды немесе билеуші элита мен билік партиясы өздерінеыңғайлы, өздерінің айтқанынан шықпайтын жасанды оппозиция жасап, көрер көзгесүйкімді, «ойыншық» көппартиялық жүйе құрап алуы да ықтимал. Бірақ бүйтіпөзін-өзі алдаудың түбі ешкімді оңдырмайды, оның ауыр зардабы бүкіл елге тиеді.

Дегенмен Қазақстандағы қоғамдықпікірде оппозицияға қатысты қайшылықты пікір қалыптасқанын мойындауымыз керек. Кейбіразаматтар «бізде шынайы оппозиция жоқ» десе, енді бірі «оппозиция жасанды, ол биліктіңқолдан жасаған жобасы» дейді. Кейбіреулер оппозицияны «шетелденқаржыландырылатын, елдің ішіне іріткі салушы күштер» деп жағымсыз қабылдайды.Ал Қазақстан Конституциясының 5-бабы 1-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасындаидеологиялық және саяси әралуандылық танылады». Бұл дегеніміз – плюрализм,яғни оппозицияның Ата заң аясында әрекет етуіне толық мүмкіндік бар деген сөз. Демократиялықел боламыз десек, бізде оппозиция да және оның құқықтық негізі де болуы керек. Қоғамдықпікірде оппозицияға деген оң көзқарас қалыптасуы қажет.

Сондықтан да Қазақстанпрезиденті Қ.Тоқаев ұсынған халықтың үніне құлақ асатын мемлекет құру идеясы,осы бағытта жасалып жатқан игі қадамдар, азаматтық қоғамның орнығуы, шынайыоппозицияның туындауы, нағыз көппартиялық жүйенің қалыптасып, дамуы елімізді оданәрі демократияландыруға  игі әсер етпек. Әсіресе2019 жылы 20 желтоқсанда өткен Ұлттық қоғамдықсенім кеңесінің екінші отырысында президентіміз Қ.Тоқаев бізге парламенттікоппозиция институты қажет екенін баса айтып, тиісті ұсыныстар мен заң жобасынәзірлеп, парламентке енгізуді тапсырып, «Біз балама пікірлер мен қоғамдықталқылау тоқыраудың басы емес, дамудың басты талаптарының бірі екеніне көзжеткіздік. Сондықтан парламенттегі саяси азшылықтың негізін заң жүзінде бекітуқажет», – деді.

Мемлекетбасшысының аталған тапсырмасын пайдаланып, «Ақ жол» партиясы бұрын дайындағанпарламенттік оппозиция туралы заң жобасын бүгінгі уақыт талаптарына сәйкесқайта жаңартыпты. Сөйтіп, «Қазақстан Республикасының парламенті және оныңдепутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңынатолықтырулар енгізу туралы» конституциялық заңының жобасы мақұлданып, сенатқажолданды.

«Ақ жол» демократиялықпартиясының ресми сайтында 2014 жылы 14 қаңтарда жарияланған, 18 баптантұратын  «Парламенттік оппозиция туралы»ҚР заңының жобасы тұр. Заң жобасында «Парламенттікоппозиция – парламент мәжілісінде депутаттық фракциялары бар, заң жобаларыбойынша дауыс беруді қоса санағанда, парламенттік көпшіліктің саясатына қарсыпікірін ашық білдіруші және қызметтегі үкімет құрамына кірмеген саяси партиялар»деп анықталған екен [https://akzhol.kz/парламенттік-оппозиция-туралы-қазақ/]. Көріпотырғанымыздай, өздерін Қазақстандағы «сындарлы оппозиция» деп санайтын, бизнеспартиясы және ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» қозғалысының ізбасары деген ұстанымдағы «Ақ жол» ҚДП парламенттік оппозиция мәселесін бұданбірнеше жыл бұрын мықтап қолға алғаны байқалады.  

Бұл заң жобасы ЕҚЫҰ-ның да жоғары бағасына ие болған. Заң жобасының 2-тарауы«Парламенттік оппозицияның қызметіне» арналған. Мұндағы 5-бапта «Парламенттікоппозицияның құқығы», 6-бапта «Қазақстан Республикасы парламент мәжілісінделауазымдарға парламенттік оппозициядан  ұсыну және сайлау тәртібі», 7-бапта«Парламенттік оппозициядан Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегіЕсеп комитеті төрағасы лауазымына ұсыну тәртібі», 8-бапта «Парламенттікоппозициядан министрлер орынбасарлары лауазымына ұсыну тәртібі», 9-бапта «Парламенттікоппозицияның дербес іс-шараларының пәні», 10-бапта «Парламенттік оппозицияныңжиналыстарын, митингтерін, шерулерін, пикеттерін және демонстрацияларын өткізу»сияқты көптеген маңызды мәселелер қарастырылған.

Мақұлданғанжаңа заң жобасы «парламенттік көпшілік» және «парламенттік оппозиция» ұғымдарыныңаражігін ашып, құқықтық негіздерін қамтамасыз етеді. Парламенттік оппозицияға қандай да бір мәселе бойынша өзұстанымын білдіруге мүмкіндік әперетін бірқатар саяси кепілдіктер беріледі: саясипартиялардың фракциялары басшыларының парламент палаталарының бірлескенотырыстарында, парламент мәжілісінің жалпы отырыстарында, тұрақтыкомитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдаулар мен өзгеде іс-шараларда сөз сөйлеуге кепілдік беру заңды бекітілмек. Сонымен қатар парламентмәжілісіндегі жеті комитеттің бірінің төрағалығын парламенттік оппозицияға беруміндетті және комитет хатшылығының екі орны да парламенттік оппозициямүшелеріне беріледі екен. Мұның барлығы ендіеліміздегі оппозицияның саяси шынайылыққа айналатынын көрсетеді. Қазақстандапарламенттік оппозицияның заң жүзінде мойындалып, құқықтарының бекітілуіеліміздің демократиялануындағы үлкен бір белес деп бағалауға тұрарлық қадам.

Сейілбек ШАЯХМЕТҰЛЫ,

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ саясаттану және саяси технологиялар

 кафедрасыныңпрофессоры, саяси ғылымдар докторы:

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега