Оқиғалар

Оралда атысқа қатысқан 20 адам ұсталды (видео)

Оралда полиция қызметкерлері атысқа қатысқан 20 адамды ұстады, — деп хабарлайды «Жас Алаш» «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Jasalash.kz

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, 20 қазанда сағат 22.10-де 102 пультіне Шолохов көшесіндегі «VenОil» жанармай құю станциясында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырғаны туралы хабар түскен.

«Оқиға орнына дереу жақын маңдағы полиция жасағы жіберілді. Жедел-іздестіру шарасы барысында Орал қаласының полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаға қатысқан бір күдіктіден басқа барлық қатысушыны ұстады. Атысқа қатысқан 20 адам ұсталды. Оның біреуі оқ атқан. Қазіргі таңда оларды уақытша ұстау изоляторына орналастыру және күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәлімет жарияланбайды», — дейді ресми өкіл.

Сондай-ақ, Болатбек Белгібеков бұл факт бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

Айта кетейік, Оралда 20 қазанда атыс болған. Оқыс оқиға салдарынан 24 жастағы ер адам жарақат алған. Қазіргі таңда ол ауруханадағы жансақтау бөлімінде жатыр. Атыс болған сәт видеорегистраторға түсіп қалған. 

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега