Оқиғалар

Оралда екі адамның өліміне әкелген жол апатына қатысты экс-полицей сотталды

Орал қаласында екі бірдей адамның өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасына қатысты бұрынғы құқық қорғау органының қызметкеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Мой город.

Фото: из открытых источников

Сот үкіміне сәйкес, бұрынғы полиция қызметкері Қылмыстық кодекстің жол қозғалысы ережесін бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелу бабымен кінәлі деп танылды.

Сот оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар дәл осы мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. Жазасын ол қылмыстық-атқару жүйесінің минималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сондай-ақ сотталған азамат қаза болғандардың туыстарына жалпы көлемі 15 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Қайғылы жол апаты 2025 жылғы 23 қыркүйекте Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова көшесінде болған. Chevrolet Cobalt пен Toyota Mark X көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан Chevrolet көлігінде отырған 41 жастағы Маржангүл Нұрғалиева мен 32 жастағы Ақгүлім Нұрғалиева көз жұмды. Олар туған әпкелі-сіңлі болған.

Тергеу мәліметінше, зейнетке шыққан бұрынғы күштік құрылым қызметкері сол күні солға бұрылмақ болған кезде қарсы бағытта келе жатқан көлікке жол бермей, соқтығысқа себеп болған.

Іс алқабилердің қатысуымен қаралды.Қаза тапқан Ақгүлім Нұрғалиеваның артында 15 жастағы ұлы мен екі жасар қызы қалған. Ал Маржангүл Нұрғалиева екі күннен кейін үйлену тойын өткізуді жоспарлағаны айтылды.

Сайт Әкімшілігі