Қоғам

Оралда ер адам мектеп маңында иттерге оқ атқан

Орал қаласында үш ер адамның мектеп пен ойын алаңының маңында иттерге оқ атқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

Фото: скриншот

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кешкі уақытта №5 мектептің жанындағы балалар ойын алаңының маңында болған. Олардың сөзінше, ер адамдар мас күйде болуы мүмкін және балалардың көзінше иттерге оқ атқан.

Желіде тараған бейнежазбадан полиция қызметкері де байқалады. Алайда куәгерлердің мәлімдеуінше, ер адамдар оқиға орнында ұсталмаған.

Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты полиция ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: орал оқ ату