Қоғам

Оралдағы дәмханада болған жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Оралда екі қабатты үйдің құлауы салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

"Бүгін түнде Оралдағы дәмханалардың бірінде болған жарылыс салдарынан зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 5 адам - ​​екі ер адам мен екі әйел жансақтау бөлімінде, бір ер адам травматология бөлімінде жатыр. Барлығы көпсалалы Орал қалалық ауруханасында медициналық бригаданың көмегін алып жатыр», - деп хабарлады әкімдік.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні Оралда Rizyq дәмханасының екі қабатты ғимараты опырылып құлаған болатын. Апат салдарынан екі адам қаза тапты, тағы 5 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Тегтер: орал