Сараптама

Оразада орындайтын он амал

Мұсылман қауымына қасиетті ораза карантин уақытында келіпқалды. Жаңа тәртіпке сай ауызашар онлайн түрде өткізіледі.

Jasalash.kz

Осыорайда«Жас Алашқа»  Қазақстан мұсылмандары діни басқарма өкілі Ағабек Қонарбайұлы оразадаорындайтынонамалдыайтып берді. "Бұлнасихатәуеліөзімеарналады"-дейді ол.

1. Құранмен дос болу

Құран оқылған, оған амал етілген үйде Алланың берекеті орнайды. Ардақты Пайғамбарымыз: «Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар...» деп өсиет еткен. Өйткені, «Құран оқу – көңілдің шипасы» (хадис).

 Алла Елшісі Рамазан айында Құранды бірнеше рет хатым ететін. Қасиетті кітапты хатым етумен қатар, жаттауға, оған амал етуге тырыссақ – нұр үстіне нұр. Арапшадан оқи алмайтын адам аудармасын оқыса да сауап алады. Алланың мейірімі кең, Ол кеңшілік Иесі. Ниетке сай сауабын береді.

2. Түнді намазбен өткізу

Түнгі намаз – жүректің тыныштығы, екіжүзділік дертіне шипа, Алламен берік байланыс орнататын риясыз құлшылық.

 «Түнгі намазға аса мән беріңдер. Сендерден алдын өткен ізгі адамдар оны үнемі орындап жүретін. Түнгі намаз Жаратушыға жақындатады, жамандықтарыңды өшіреді және күнәлі іске баруға тосқауыл болады» (хадис).

 Рамазанда оқылатын тарауық намазына тахажуд қосылса – құба-құп.

 3. Ұдайы дұғада болу

Дұға – мұсылманның қорғаны. «Дұға – ғибадаттың мәні» (хадис). Алла Тағала «Мүмин» сүресінің 60-аятында: «Менен сұраңдар. Тілектеріңді қабылдаймын», – деп уәде еткен.

 Таңғы және кешкі, жұма және Қадір түнінде, т.б. уақыттарда айтылатын дұғаларға мән беру қажет.

 Біздіңбір басымызда қаншама проблема толып жатыр. Оның сыртында отбасымыз,туған-туыстарымыз, дос-жаран мен көршілеріміз үшін екі дүние игілігі тілейтіндұғамыз бар.

 Рамазан– Жаратқаннан жарылқау тілейтін ай. Бір-бірімізге дұғада болайық. Алла Тағалажер бетінен жұқпалы індетті жойып, жақсылықта жолығуды жазсын. Еліміз бенжеріміздің берекеті үшін де дұға жасауды ұмытпайық.

 4.Пітір садақасын беру

Садақа– жамандықты жоятын амал, айналамыздағы көмекке зәру адамдардың ақысы.

 

Пітірсадақасы – Рамазан айында пенделікпен жасап қойған қате-кемшіліктеріміздіңөтеуі, жетіспеушілік салдарынан көңілі жабырқаған жарлы-жақыбайлардың ақысы.Басымыздың аманында, қолда аз-кем ақшаның барында пітір садақасын беріп,қоғамға шарапатымызды тигізейік.

 

Садақа– дәулетіміздің берекесін арттыратын амал. Мал-мүлік нәсіп еткен Алланың жолындажақсылық жасап, көптің тілеуін неге алмасқа?! «Сендердің араларыңдағы еңжақсыларың – адамдарға пайдалы болғандарың» (хадис).

 5.Ауызашар ұйымдастыру

Карантинкезінде топтасып жиналуға болмайды. Бұл – сауап іздеген адамға тығырыққа тірелудеген сөз емес. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ауызашарға кететін қаржылайшығынды немесе азық-түлікті көмекке мұқтаж отбасыларға таратуға кеңес берді.

 Асылындақұдайы асқа, ауызашарға тамақ тауып жеуі мұң болған жандар шақырылады. Мәселен,он адамға ауызашар бергіңіз келді делік. Ауызашарға кететін ақшаны соларғатаратып берсеңіз де болады. Алланың қалауымен он адамға ауызашар бергенніңсауабын аласыз. Хадисте айтылғандай, мұсылманның ниеті амалынан қайырлы.

 6.Истиғфар айтып, салауат жолдау

Бізкейде зіл сөзбен, жағымсыз мінезбен қаншама жанның жүрегін жаралаймыз. Ойданжүйрік дүние бар ма десеңші?! Санамызға қаншама бұзық ойлар келеді. Алла біздіжаман ойымызға байланысты жазалайтын болса… Айтудың өзі қорқынышты. Теріс оймен ғайбат сөзіміз үшін кешірім сұраудың ең қарапайым үлгісі – «Алла менікешірсін» деп истиғфар айту.

 АрдақтыПайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтууайым мен қайғыдан арылтады. Алла Елшісіне салауат айтуымыз – өзімізге амандықпен береке тілеуіміз.

 Сөзбен ойдың оразасы адамды тақуалыққа тәрбиелейді...

 7.Тамақты тежеу

Тамаққақатысты насихат айтуға басқа-басқа мен лайықты емеспін. Тамақ – нәпсіге еңұнамды дүниенің бірі. Дегенмен, Рамазан – аз тамақ жеп, көп құлшылық жасауғатәрбиелейтін ай. Расында, көп асаған көп ұйықтайды. Көп ұйықтаған көп игіліктенқұр қалады. Ауызашар тамаққа тойып алатын сәт емес. «Ауру – астан» деген. Көпжеген артық салмақ жинайды. Артық салмақ ауру шақырады… Алла сақтасын!

 

8.Уақытты жүйелеу

Рамазандаәрбір сәт маңызды. Уақыт – мүміннің нығметі, оны ізгі істерге арнасақ –досымыз, бос өткізсек – дұшпанымыз. Бір сәтте досыңа да, дұшпаныңа да айналатынуақытты қалай пайдалану – әркімнің өз таңдауында. Досты таңдайық!

 

9.Оразада отбасыға көңіл бөлу

 

«Сенсаясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» деген тәмсіл бар. Осы сөздіңмағынасын «майыстырып» айтсақ: отбасы тәрбиесімен айналыспасаң, бала-шағаңсенімен айналысады. Расында, солай. Бала-шағаға көңіл бөлмесең, тәрбиесінашарлап, сені бір күні ұятқа қалдырады.

 Ауызашар,сәресі отбасымен рухани сұхбат құрудың сәулелі сәті емес пе? Сәтті жіберіпалмайық. Әр сәт – ғанибет...

 

10.Өзімізді өзгертпесек...

Бірғұлама «Рамазаншыл болма, Құдайшыл бол» деген екен. Расында, бір жұтым судыңқадірін сездірген, шариғаттағы тыйым былай тұрсын, рұқсат етілген істен нәпсінітежеуді үйреткен оразадан кейін өзімізді өзгертпесек енді ұят...

 Бұлайтылған он амал біздің ойға келген дүниелер. Оған қосам десеңіз –мархабат!                

 Дайындаған:Думан Терлікбай

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега