Баған

Оразалиннің үш қағидасына көнбегендер қызметтен кетеді

Ақтөбе облысының басшысы Оңдасын ОРАЗАЛИННІҢ үшқағидасына көнбеген шенеуніктер қызметтерінен кетеді.

Jasalash.kz

Бұл туралы ол жергілікті маслихат сессиясында  айтты. Осылайша облыстың жаңа әкімі Оңдасын Оразалин қол астындағы орынбасарларына,қала мен аудан әкімдері, департамент басшыларына қатаң ескертуін жасады.Әкімнің сөзінше ол басқа әкімдер сияқты жаппай кадрлық ауыс-түйіскеқарсы. Және жүрген жеріне өз командасын да әкелмейді. Алайда  алдағыуақытта өзі айтқан үш қағиданы ұстанбағандарды қызметтерінен босатады.  

«Менжүрген жерімде жаппай кадрлық ауыс-түйіс жасауға қарсы адаммын.Бірақ ендігіжерде  қызметтерінде кәсіби шеберлікке, тәртіпке және иновациялықдамуға көнгісі келмейтін басшылармен қоштасуыма тура келеді», -  деді өңірбасшысы Оңдасын Оразалин. 

Облыс әкімнің сөзінше қазір барлық басшыларғаөздерін көрсетуге мүмкіндік пен уақыт берілді.

Фотоныавтор ұсынды.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега