Ормуз бұғазында екі миллион баррель мұнай тиелген танкер өртенді
Бұл туралы Иранның Tasnim ақпарат агенттігі хабарлады.
Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан ірі мұнай танкері теңіз минасына жарылып, кемеде күшті өрт шыққан.
Иран тарапының мәліметінше, танкер билікпен келісілмеген бағыт бойынша қозғалған. Кемеде екі миллион баррельден астам мұнай болған.
Әзірге танкердің атауы мен иесі туралы ақпарат жарияланған жоқ. Экипаж мүшелерінің жағдайы, қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар-жоғы жөнінде де мәлімет берілмеген.