Қоғам

Ормуз бұғазында мұнай танкері өртеніп, 22 теңізші құтқарылды

Парсы шығанағында мұнай тасымалдайтын танкерден өрт шығып, оның экипажындағы 22 адам аман алып қалынды.

Фото: әлеуметтік желіден

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі теңізшілерді жағалау күзеті құтқарғанын хабарлады.

Ал Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери-теңіз күштері танкер Ормуз бұғазы арқылы тыйым салынған бағытпен өтпек болған кезде теңіз минасына жарылғанын мәлімдеді.

Әзірге Иран тарапы мен БАӘ билігінің хабарламаларындағы оқиғаның мән-жайы толық нақтыланбаған. Танкердің зақымдану себептері мен келтірілген шығын туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.

Сайт Әкімшілігі