Орталық Азияда ең мықты әскер өзбектікі
Орталық Азиядағы ең мықты әскер Өзбекстанда. Global firepower сараптама компаниясының рейтингісінде Өзбекстан Қарулы күштері 136 елдің ішінде 39 орынға жайғасқан.
Бұл туралы zhasalash.kz kaktakto.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Global firepower мәліметінше, Өзбекстан әскерінде 76,5 мың сарбаз бар. Соғыс болған жағдайда 15,8 млн жауынгерді сапқа тұрғыза алады. 4-мың танкі, 715 БМП мен БТР, 69 истребитель, 89 жойғыш-бомбылаушы ұшақ пен жүздеген тікұшағы бар. Рейтинг жүргізілгенде әуе, теңіз және жаяу әскердің әлеуеттері де ескерілген.Аймақтағы ең әлсіз әскер Тәжікстанда. Оларда он бес мың сарбаз бар екен. Шекарасына жау кірген жағдайда 4 млн адамды қарулы күштер қатарына ала алады. Әуе күштері мүлдем жоқ. 37 танкі мен 46 БТР мен БМП ғана бар. Бұл рейтингте ҚАЗАҚСТАН 80 орында. Түркменстан бізден жоғары 50 сатыға жайғасқан. Рейтингтің ең басында АҚШ, Ресей, Қытай тұр.
Фото: uzreport.news