Саясат

Ортақ валютаға қарсымын!

Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ Еуразиялық экономикалық одақтың электронды валютасына қатысты өз пікірін білдірді.

Jasalash.kz
Бұл туралы ведомство басшысы парламент қабырғасында журналистерге айтты.«Біз Ресей тарапынан жасалған мұндай ұсынысты қолдамаймыз. Бұл менің жеке азамат ретіндегі ұстанымым. Және саясаткер ретіндегі позициям. Ұлттық валюта — ту мен елтаңба сынды біздің тәуелсіздігіміздің бір символы. Сондықтан біз оны қорғауымыз керек», — деді министр Сүйлейменов.Министрдің айтуынша, бұл бастаманы Ресей ұлттық төлем кеңесі көтерген. Известия порталының жазуынша, электронды ортақ валюта Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Беларусь, Армения, Ресей арасындағы халықаралық сауда-саттықта пайдаланылады.Фото: 24.kz
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега