Баған

Орынбасар олқылығын түзепті

«Жас Алаш»газетінің өткен №20 санында (19.03.2020) және сайтының 18 наурыз күнгі шығарылымында«Орынбасардың орысшасы «озық» тұр» атты мақала жариялаған болатынбыз.

Jasalash.kz

МақаладаШығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабаттың облыстықәкімдіктің ресми интернет-ресурсының қазақша нұсқасына өмірбаянын орыс тіліндесалып қойғаны баяндалған болатын. (https://zhasalash.kz/article/7791-akhmetovtinh-orynbasarynynh-orysshasy-ozyq-tur).

   Аталғанмақалада айтылған жайдан әкімнің орынбасары Ә.Мархабат қорытынды шығарған екен.Қазір облыстық әкімдік сайтының қазақша нұсқасынан оның өмірбаян жолынмемлекеттік тілде еш қиналмай оқуға болады. ((http://www.akimvko.gov.kz/kz/rule/akimat-vostochno-kazaxstanskoj-oblasti/zamestitel-akima-3/personyi/marxabat-alisher.html).).

Газетредакциясына бұған орай ШҚО әкімдігінің басшылығынан ешкім хабарласпады. Бірақайтылған сынды сабырмен қабылдап, қорытынды шығара білген Әлішер Мархабаттыңолқылығын дер кезінде түзете білгеніне қарап, жас буындағы жаңашыл басшы болардеген ой түйдік.

Олқылығынтүзеген орынбасардың ісіне сәттілік тілейміз.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега