Саясат

ОСК Тоқаев тағайындаған Сенаттың он депутатын тіркеді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған Сенаттың он депутатын тіркеді, — деп хабарлайды Жас Алаш.

Jasalash.kz

«Парламент Сенатының депутаты ретіндегі өкілеттеріңіз басталады. Еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы — Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болдыңыздар», — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.

Сенат депутаттарының куәліктері мен төсбелгілері табысталды:

  • Жақып Асанов (Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы);
  • Мәулен Әшімбаев (қайта тағайындалды);
  • Нұртөре Жүсіп (қайта тағайындалды);
  • Ләззат Қалтаева (қайта тағайындалды);
  • Асқар Шәкіров (қайта тағайындалды);
  • Евгений Больгерт (ҚХА-дан);
  • Зәкіржан Кузиев (ҚХА-дан);
  • Нурия Ниязова (ҚХА-дан);
  • Әлішер Сатвалдиев (ҚХА-дан);
  • Геннадий Шиповских ҚХА-дан).
Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега