Қоғам

ОСК жақын арада мәслихаттар сайлауының өтетін күнін жариялайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасатынын айтты. Оның сөзінше, реформалардың қазіргі кезеңінде жергілікті өкілді органдар – мәслихаттарға сайлау өткізу мәселесі тұр.

Фото: из открытых источников

Мемлекет басшысы қазіргі мәслихат депутаттарының басым бөлігі «Amanat» партиясынан сайланғанын атап өтті. Алайда партия кейін «Әділет» партиясына қосылып, қызметін тоқтатты. Осыған байланысты заңнамалық рәсімдер аяқталғаннан кейін депутаттардың басым бөлігінің өкілеттігіне қатысты мәселе туындайтынын айтты.

«Мен жақын арада Премьер-министрмен және Құрылтай Төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңесемін. Содан соң тиісті Жарлыққа қол қоямын. Көп ұзамай Орталық сайлау комиссиясы сайлау өтетін күнді жариялауы керек», - деді Тоқаев. 

 

Сайт Әкімшілігі