Өскемен мен Семейде қоғамдық көліктер 70 пайызға қысқарды
Өскемен мен Семей қалаларында қоғамдықкөлік 70 пайызға қысқарды.ШҚО Ақпарат орталығыныңхабарлауынша, өңір бойынша коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қоюмақсатында қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелген.
Сондай-ақ қазірде барлықбағыттардағы автобус, теміржол және әуе тасымалдары тоқтатылды.
«Өскемен мен Семейдегі қоғамдықкөліктер 70% -ға қысқартылған. Өскеменде желіде 88 автобус, 22 шағынавтобусжәне 9 трамвай жұмыс істейді. Ал Семей қаласы бойынша жалпы саны 69 қоғамдықкөлік қатынауда.Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылданып, барлық қоғамдықкөліктер күніне үш рет дезинфекциялануда», — делінген хабарламада.