Өскеменде ажырасатындар азаймай тұр
Еліміздеотау көтеретіндердің саны азайып барады. Керісінше шаңырағы шайқалып, ажырасыпжатқандар күрт көбейген.
Мұндай жағдай әсіресе, солтүстік және шығысөңірлерінде белең алып барады. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында былтырғы жылы9423 жұп отау құрса, 4622 жұп ажырасып кеткен.
Отау құрып, бірақ бақытты болыпкете алмаған жандардың бірі – Марат ЖАНДОСОВТАРДЫҢ (аты-жөні өзгертілді) жанұясы.Әлеуметтік жағдайларының әлсіз болуы шаңырақтарын шайқалтып тынған. Айлықтыңаздығы тұралаған тұрмыстарын түзеуге мүмкіндік бермепті. Ақыры екі жанныңарасындағы айғай-шу ажырасуларына себеп болған.
— Жарты жыл бірге тұрдық. Баспанамыз жоқ. Тапқан табысымжайлы өмір сүруге жетпеді. Күнде жанжал. Мінезіміз де сәйкеспеді. Ақыры ажырасыптындық – дейді, Өскемен қаласыныңтұрғыны Марат ЖАНДОСОВ.
Судьяларда некелердің көптеп бұзылып жатқанына алаңдайды. Мысалы, тек Өскемен қаласындасоңғы 6 айдың ішінде 1231 отбасы ажырасамыз деп сотқа арыз беріпті.
— Арыз өте көп келіп түседі. Некебұзудың мінезден басқа да себеп-салдары жетерлік. Психологиялық зорлық-зомбылықкөру, ішімдік ішу, материалдық және әлеуметтік жағдайдың төмен болуы. Жас жұбайлардыңарасына ата-ана мен ата-ененің, туыстарының араласуы да ажырасуға себеп болуда– дейді, Өскемен қалалық сотының судьясы Лейла ЗИНАШЕВА.
Жалпыеліміз бойынша былтырғы 2018 жылы 137 800 жұп отау құрған. Ал 54 800 отбасыажырасқан. Ең көп ажырасатындар Павлодар облысында тұрады екен. ШығысҚазақстанда қаңтардан бері 3888 жұп отасса, 2328 отбасының шаңырағы шайқалған. ШығысҚазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Әсел ДОСЫБАЕВА: — жастарөте көп ажырасады. Бір жылдай, бір жылдың көлемінде ажырасатындар көп. Өте көп.Оның ішінде қарт кісілер де кездеседі ажырасатындар. Енді елу де елу деп айтсақта болады – деді.
Аләлеуметтік жағдайды сылтау қылып, некелерінбұзған жастардың ажырасқаннан кейін де жағдайы түзеліп кетіп жатқандары шамалы.Өйткені, ерлері той жасау үшін алған несиені айлап-жылдап төлеп жатса, әйелдеріәкесіз өсіп келе жатқан балаларын жалғыз бағуға мәжбүр.
Фотолар автордікі және flight-of-thought.ru