Әлеумет

Өскеменде екі әкімнің жұмысын бір ақсақал атқарып жүр

Шығыс өңірдің бас шаһарысаналатын Өскеменнің айналасындағы елдімекендер мен кенттердің жағдайы жақынарада оңалар түрі жоқ.

Jasalash.kz

Олар қала құрамына енгенімен, қайсына болсын, әкімдікшенеуніктерінің жергілікті тұрғындармен кездеуге барып, мәселесімен танысуысирек. Мәселен, қала шетіндегі Ахмерово ауылының халқы үшін орталыққакеліп-кетудің өзі бір қиямет. Себебі, мұнда қатынайтын 55 бағыттағы автобустыаяз кәріне мініп тұрғанда сағаттап күтуіне тура келеді. Келетін қоғамдықкөліктің өзі 2 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдың ішін аралап өтпей, бір-екітұсына тоқтап, жиылған жұртқа бұйырған орынына әрең сыйдырып кетіп қалады.

Осы Ахмерово ауылыныңжай-күйімен, проблемасымен он жылдан бері айналысып келе жатқан Қадылбекақсақалды осындағы жас-кәрінің бәрі танып құрметтейді. Өйткені, өзі көшіпкелген он жылдың ішінде Өскеменді басқарған әкімдердің бәрінің алдынан табылып,қараша халықтың қиналысын жеткізіп, жарығын, суын тартқызып, қала билігініңназарын аудартудан тартынып қалған емес.

-Қазіртәубе әрине, жарығы тартылып, ауыз сумен қамтамасыз ету жайы шешілді. ҚаланыҚасымжанов, Тұмабаев басқарып тұрғанда қайта-қайта барып жүріп, әлеуметтікқажеттіліктердің шешілуіне түрткі болдым. Оны міндетсініп отырғам жоқ. Әңгімеәкім атаулының, оны қойғанда қатардағы шенеуніктердің де мұнда келіп,проблемамен танысуға салғырт қарайтынынан шығып отыр. Қаланың қазіргі әкіміЖақсылық ОМАР Ахмерово деген ауылдың барын білгенімен, келіп, жұртпен жүздесіпкөрген емес. Бізді қинап тұрғаны осында келетін автобустың жайы.  55 бағыттағы автобусты сағаттап күтеміз. Ендікелді-ау дегенде ішіне адам сыймай, бірінің сөмкесі кетіп өзі қалып, ендібірінің аяғы қысылып, алып үлгермей құлап та жатқан кездер болды. Қосымшаавтобустар керектігін айтып бардым. Әкімдіктегілердің берген жауабы «Автобусжетеді бізде. Бірақ, жүргізуші жоқ» дейді. Биыл шілде айына қарай 80 автобуссатып алғалы отыр екен. Сол кезде барып, қосымша бағытта автобустар шығаратынынайтты. Мектеп салынып бітті, бірақ, пайдалануға берілуіне біраз уақыт бар, — дейдіҚадылбек СЕРІКБАЕВ ақсақал.

Ауылдастарының жанынабатқан жайдың бірі – аурухана ғимаратын табу еді. Қарияның ширақ қимылдап,тынымсыз шапқылауының нәтижесінде бір ауқаттының қос қабатты коттеджін сатыпалуға 23 миллион теңге қаражат бөлініп, жақын күндерде пайдалануға берілетін көрінеді. «Бұл да болса, дәтке қуат. Енді ауырақалсақ қалаға итшілеп барып, әуреге түспейтін болдық»,-дейді ақсақал.

Ахмерово ауылы қаламенқанаттас жатқан Меновное кентіне қарайды. Аралай жүріп байқағанымыз – шағынауыл емес, ірі елдімекен. Яғни,  мұндажергілікті атқарушы билік өкілі, тіпті, кәдімгідей ауыл әкімі қызметі өтеқажет. Аялдамада тұрған адамдардан сұрастырғанымызда Меновное ауылының әкімікім екенін де ешкім білмейді. Ал, Жақсылық Омарды қала әкімі ретіндебілгенімен, осы жерде бетпе-бет кездесіп көрген пенде баласы жоқ. Атын айтуданқашқақтаған қарт ана Ертілек деген әлдекімді әкімдіктің адамы ретіндеестігенімен, нақты қызметі қандай, қайда отыратындығынан бейхабар екендігінайтып ақталды.

Түптеп келгенде жыл сайынүйлер салынып, қанатын жайған Ахмерово ауылына ауылдық округ статусы сұраныптұр. Алайда, қалда әкімі Жақсылық Омар бастаған шенеуніктер ауылдың атынбілгенімен, жұртының түрін көрмей отырғанда, проблемаларын жылдамдатып шешугеатсалысатын шенеуніктің табылуы қиын тәрізді. Ал, қазір осы ауыл тұрғындарыөздері әзілдеп «Ахмеровоның әкімі» атап кеткен Қадылбек ақсақалға ғана арқасүйеп отыр. Тоқетерін айтқанда, Меновное кенті мен Өскемен қаласы әкімініңміндетін Қадылбек ақсақал атқарып жүр. 

Фотоларавтордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега