Әлеумет

Өскеменде көппәтерлі үйден өрт шығып, 15 адам эвакуацияланды

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бірінде өрт шығып, құтқарушылар 15 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Фото: ТЖМ

Оқиға Бульвар Гагарин көшесінде орналасқан тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде болған. Өрт туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қатты түтінге толған кіреберістен арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен 15 адамды, оның ішінде үш баланы сыртқа алып шыққан.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт 45 шаршы метр аумақты шарпыған.

Жалын толықтай сөндіріліп, оның шығу себебі анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі