Оқиғалар

Өскеменде көшелерді су басты (видео)

Өскеменде су құбыры жарылып, салдарынан қала көшелерін су басты.Әкімдіктің хабарлауынша, апат 31 қаңтарда күндізгі сағат үште болған.

Jasalash.kz

«Гараж кооперативі ауданында Мызы көшесінің бойында 7 метр тереңдікте жатқан су құбырында диаметрі 500 миллиметрлік жарық пайда болды. Салдарынан бірнеше көшені су басты. Сағат 16:00-де апат аймағының суы сөндіріліп, Шмелев Лог аумағын суық сумен жабдықтау қысымы төмендетілді. Жедел қалпына келтіру тобы төтенше жағдайды жою шараларын шұғыл қолға алды», – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега