Әлеумет

Өскемендегі «Қазцинк» зауытындағы жарылыстан екі адам қаза тапты

Алдын ала мәліметке сәйкес, түтін сорғышты тазалау жұмыстары барысында жарылысқа ұқсас дыбыс шығып, артынша өрт тұтанып, кейбір құрылымдар ішінара құлаған.

ТЖМ

Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі түрлі жарақат алған. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп, салдарын жою шараларын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Тергеу нәтижесінде себептері мен барлық жағдайлар нақтыланатын болады.

Компания қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Зардап шеккендер мен марқұмдардың туыстарына материалдық және психологиялық көмек беріледі.

Сонымен қатар уәкілетті органдар қоршаған ортаға әсерін бағалау жұмыстарын жүргізуде.

Алдын ала деректерге сүйенсек, шаңның жергілікті деңгейде таралуы тіркелгенімен, рұқсат етілген нормадан асу және қауіпті заттардың бөлінуі анықталмаған.

Сайт Әкімшілігі