Әлеумет

Өскеменнің әкімі көпбалалы аналарды әрең қабылдады

БүгінӨскемен қаласы әкімдігінің алдына сағат 10-00 ден бастап көпбалалы аналаржиналды.

Jasalash.kz

Ашуға булыққан өскемендік аналар әлеуметтік мәселелері шешілмей, әбденқиналғандарын айтады. Олардың айтуынша, қала басшысы Жақсылық ОМАРДЫҢ қабылдауынакіре алмай жүргендеріне екі айдан астам уақыт өтіпті.

 – Мамыр айында қала әкімі Жақсылық Омардың қабылдауынажазылғанбыз. Содан бері жауап жоқ. Не қабылдамады. Міне екі ай өтті. Жалғыз менғана емес, қаншама аналар келіп жазылды. Қабылдамайды. Содан кейін өзімізжиналып келуге мәжбүр болдық – дейді, көпбалалы ана Динара НҰРАХМЕТОВА.

 Қала әкімінің қабылдауына кіреалмадық деген жалғыз Динара Нұрахметова емес. Мемлекеттен берілетін көмеккеқолдары жетпеген жандар амалсыз осылай жиналып келуге мәжбүр болған. Бірақөздерін қабылдаған қала әкімінің орынбасары мен бөлім басшыларын місе тұтпады. Өйткені,бұған дейін кездескен олар ешбір мәселесін шеше алмаған көрінеді. Осылайша,ашуға булыққан аналар: – сіздермен күнде көрісіп жүрміз. Бізге қала әкіміншақырыңдар – деп, талап қойды. 

Алайда, күте-күте қала әкіміненде қайыр болмайтынын ұқты ма, отырғандардың көбі өре түрегеліп, есікке беттеді.Осыдан кейін ғана кәбинетінен әрең шыққан Жақсылық ОМАР аналардың артынанбарып, кіреберісте кездесті.

 

Бұдан әрі аналар бастапқыдажиналған жерлеріне қала әкімімен бірге қайта кіріп, талап-тілектерін төтесіненқойды. Бәрінің басын ауыртқан баспана мәселесі. Екі пайыздық мөлшерлемеменберілетін ипотекалық үй. Алғашқы жарнасы үшін берілетін сертификаттың жайы.

 – Анамын ғой мен. Сегіз баламбар. Неге менің жағдайымды ойлап, қарайласпайды. Елдің бәріне беріп жатасыздарғой. Мен қарап отырамын. Менен басқа алтын алқаларылар алып жатыр. Мен негеалмаймын – деп, ашуға мінді алтын алқа иегері Гүлжан БӨЛЕКБАЕВА. 

Жиналғандар мектеп мәселесіменен бизнес істеу үшін берілетін жеңілдетілген несиеге қолдары жетпейотырғанын айтты. Банк алдындағы борыштарының кешірілмейтіні тағы бар.

 – Біз қабылдап жатырмыз. Ондаған, жүздеген көпбалалыата-аналардың мәселесін қарап жатырмыз. Бірақ бір күнде түгел 2175 көпбалалыотбасының мәселесін шешу мүмкін емес. Өйткені олардың сұрақтары әртүрлі – деді,Өскемен қаласының әкімі Жақсылық ОМАР. 

Дәлосы алуан түрлі сұрақтың жауабы нақты қашан болатыны тағы да белгісіз. Оғандейін осы жандардың төзімдері таусылып, үміттері үзіліп кетпесе игі. 

Фотолар автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега