Өскеменнің әкімі президенттің тапсырмасын елемей отыр
Шығысқазақстандықтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасын Өскемен қаласының әкімі Жақсылық ОМАР елемейді деп наразы.
Даниар Жанғұдинов қала әкімінің жауабын күткеніме міне тура бір ай болды дейді. Жылда жаз келсе болды суық судан тарығып, тіршілік нәріне жарымаған соң, жергілікті биліктен көмек күткен. Талай мәрте қала әкімінің қабылдауына да жазылмақ болыпты. Тіпті телефон арқылы да тілдесудің өзі мұң болған соң, мәселесін президент берген пәрмен, әлеуметтік желі арқылы жеткізуді жөн санаған. Бірақ, одан нәтиже түгілі жарытымды жауап болмады дейді.
«Неге су жетпейді? Мына Ертістің жағасында отырып, ұят қой. Қайтып шыдап отырамыз? Ана балаларымызды да жуындыра алмай отырмыз. Тіпті бау-бақша еге алмай отырғанымызды айтпағанда» – дейді Өскемен қаласының тұрғыны Нұрбати САТАНҚЫЗЫ.
«Олар суды мен іштім ба? – дейді. Дұрыс жауап бермейді. Қалай қыларымызды білмедік те, сонымен амалсыз төлеп отырмыз. Күндіз су жоқ болып қалады» – деді Өскемен қаласының тұрғыны Дәулет ИСА.
қала басшылығы хабардармыз. Жауап берілген деген Өскемен қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Әлібек ТҰРСЫНБЕТОВ: – Жақсылық Мұқашұлы әлеуметтік желіде өзі отырады. Кейде ақпарат көп келеді. Бірақ ол кісі жаңа өзі көрсетті. Жауап беріпті. Халықтың су мәселесі шешіледі. Су болады.
Жалпы Нұрлы көш аталатын бұл ауылда 8 жүздей баспана бар. Сусыраған отбасылар аулаларына бау-бақшаны да осы жағдайға байланысты еге алмай отырғандарын айтты.
Фото: qazradiofm.kz